Металл кескіш құралдардың тозуға төзімділігін арттыру əдісі
Қаралымдар: 186 / PDF жүктеулері: 189
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7263-2022-140-3-141-149Кілт сөздер:
Тозу, сенімділік, құралдың тозуға төзімділігі, алдын ала қалыптастыру əдісі, қосалқы құрылымАңдатпа
Отандық машина жасау салаларында кесу жиектерінің тозуына байланысты өңдеу кезінде металл кескіш құралдарды тұтыну мəселесі туындайды. Бұл əсіресе өңдеуге қиын материалдардан бөлшектерді жасауда байқалады. Бұл мəселені шешу үшін AР14972884 «Металл кескіш құралдардың тозуға төзімділігін қалыптастыру əдісімен арттыру» жобасын жүзеге асыру бағытталған. Құралдың беріктігі мен сенімділігін арттыру əдісі ретінде алдын-ала қалыптастыру жұмысы жоғары материалдық-техникалық шығындармен байланысты қымбат құралдарға қатысты экономикалық негізделген.
12ХГСА болаттан жасалған m=6,0 мм тісті доңғалақтарды өңдеуге арналған Р5M6Ф материалынан жасалған червякты фрезаның жұмысы кезіндегі зерттеу нəтижелері келтірілген. Сондай-ақ, 40Х болаттан жасалған тісті доңғалақты өңдеу кезінде Р5M6Ф, m = 10 мм модульдік червякты фрезаның беріктігіне алдын ала қалыптастыру жылдамдығының əсерін көрсететін тəжірибелік нəтижелер берілген. Зерттеу нəтижелері металл кескіш құралды алдын ала қалыптастыру əдісін құралдың қызмет ету мерзімін арттырудың тиімді əдістерінің бірі ретінде қарастыруға болатынын көрсетеді.