Алматының шағын тұрғын аудандарындағы сәндік қасбеттердің семиотикасы
Қаралымдар: 98 / PDF жүктеулері: 55
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7263-2025-151-2-195-208Кілт сөздер:
семиотика, ою-өрнек, тұрғын аудандар, қалалық сәйкестілік, қалалық жады, мәдени кодтар, сәулет рәміздеріАңдатпа
Бұл зерттеу жұмысы тұрғын үйлердің сәулетін қалалық кеңістіктегі таңбалық жүйе ретінде қарастыра отырып, оның мағыналық құрылымын семиотикалық тұрғыдан талдауға арналған. Зерттеудің мақсаты – Алматы қаласының тұрғын аудандарындағы үйлердің фасадтарындағы сәндік элементтердің (мәдени, жергілікті және ұжымдық) сәйкестік пен қалалық жадыны қалыптастырудағы рөлін анықтау. Жұмыс аймақтық мысал – Алматы қаласы негізінде сәулет семиотикасын терең түсінуге жол ашады және құрылыс нысандарын сәйкестік пен тарихи жадының тасымалдаушысы ретінде сақтаудың ғылыми және практикалық маңызын дәлелдейді. Зерттеу әдістемесі – сәндік элементтерді мәдени-тарихи контексте иконикалық, индекстік және символдық таңбалар ретінде қарастыратын семиотикалық талдауға негізделген. Алматыда 1960–1980 жылдары салынған үйлерге тән орнамент түрлері анықталып, олардың дәуір мен мәдениетке байланысты көпқабатты мағыналары ашылды. Орнамент тұрғындардың сәйкестік сезімін қалыптастыру мен қалалық жадыны сақтау ісінде маңызды рөл атқаратыны дәлелденді. Бұл зерттеу Алматы қаласының сәулетіне семиотикалық тәсілді қолданудың маңыздылығын көрсетіп, кеңестік кезеңдегі типтік құрылыс декорының мәдени кодтар мен мағыналардың тасымалдаушысы ретіндегі рөлін ашады. Практикалық нәтижелер орнаментті мұра мен сәйкестік элементі ретінде сақтау қажеттігін негіздеп, сәулетшілер мен қала құрылысын жоспарлаушылар үшін пайдалы бола алады.