Жер сілкінісі әсерін төмендетуге арналған геотехникалық сейсмоқорғаудың (GSI) сенімділігі


Қаралымдар: 141 / PDF жүктеулері: 47

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7263-2026-154-1-49-65

Кілт сөздер:

сейсмикалық әсерлер, топырақ, жасанды негіз, акселерограммалар, ғимараттардың динамикалық әсерді сезінуі, үдеуді төмендету

Аңдатпа

Мақала сейсмикалық қауіпті аймақтарда орналасқан ғимараттардың сенімділігі мен орнықтылығын арттыру мақсатында топырақтық төсеніштер түріндегі геотехникалық сейсмооқшаулау, негіз және конструкцияның өзара әрекеттесуін зерттеуге арналған. Зерттеудің мақсаты – топырақтық төсеніштер түріндегі геотехникалық сейсмооқшаулауы бар ғимараттардың сейсмикалық сенімділігін сандық модельдеу және берілген қарқындылықтағы жер сілкіністері кезінде негіз деформациясы мен ғимараттың динамикалық сипаттамаларын ықтималдық тұрғыда бағалау. Зерттеу әдістеріне теориялық талдау, PLAXIS 2D бағдарламасында шекті элементтер әдісімен сандық модельдеу, алынған нәтижелерді интерпретациялау және статистикалық біртекті еместік пен кездейсоқ әсерлерді ескеретін ықтималдық әдістер арқылы ғимарат сенімділігін есептеу кіреді. Жұмыста құм, малта тас және геоторлы қабаты бар құмнан жасалған топырақтық төсеніштер түріндегі сейсмооқшаулау жүйелерінің тиімділігі зерттелді. Негіз шөгуі бойынша сенімділік көрсеткіштері, сондай-ақ іргетас деңгейінде және ғимараттың жоғарғы бөлігінде рұқсат етілген үдеулердің асу ықтималдықтары анықталды. Талдау нәтижелері геотехникалық сейсмооқшаулау (GSI) қолданылған жағдайда іргетас табаны деңгейінде және ғимараттың жоғарғы нүктесінде көлденең үдеулердің 16 %-ға төмендейтінін көрсетті. Ықтималдық бағалау нәтижесінде ғимараттың жоғарғы бөлігіндегі рұқсат етілген үдеу шегінің 27 %-дан 7,84 %-ға дейін азайып, сенімділік коэффициентінің βat = 1,42-ге дейін (73 %) артатыны анықталды. Алынған нәтижелер топырақтық төсеніштер түріндегі геотехникалық сейсмооқшаулаудың жоғары тиімділігін дәлелдейді және оны сейсмикалық тәуекелдерді төмендетудің қолжетімді әрі сенімді тәсілі ретінде инженерлік практикада қолдануға мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Шегенбаева, Р., Бесимбаев, Е., Шадкам A., & Ниетбай, С. (2026). Жер сілкінісі әсерін төмендетуге арналған геотехникалық сейсмоқорғаудың (GSI) сенімділігі. Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР СЕРИЯСЫ, 154(1), 49–65. https://doi.org/10.32523/2616-7263-2026-154-1-49-65

Журналдың саны

Бөлім

Құрылыс

Категориялар