Жаңа бисерлік ұсақтағыш конструкциясының эксперименттік зерттеуі


Қаралымдар: 133 / PDF жүктеулері: 128

Авторлар

  • Самат Байгереев Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ
  • Георгий Гурьянов Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ
  • Ольга Васильева Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7263-2023-142-1-32-43

Кілт сөздер:

ұсақтағыш, эксперимент, ұнтақтау жіңішкелігі, бөлшек, ұнтақтау, ұнтақтау шары

Аңдатпа

Нанотехнологияның қарқынды дамуымен материалды ұнтақтау үрдістерінің тиімділігін арттыру қажеттілігі артты. Үрдіс тиімділігінің сипаттамаларының бірі ұнтақтаудың жіңішкелігі болып табылады. Материалдарды ұнтақтауға арналған әр түрлі ұсақтағыштар бар, олардың бірі бисерлік ұсақтағышы. Мақалада бисерлік ұсақтағыштың жаңа конструкциясының эксперименттік зерттеулерінің нәтижелері берілген. Жаңа ұсақтағыштың жұмыс істеу принципі ұнтақтау шарлар арқылы ұнтақталатын материалдың бөлшектеріне бірлескен радиалды және аксиалды әсер етуді ұйымдастыруға негізделген. Бұл принципті қамтамасыз ету үшін бисерлік ұсақтағыштың типтік конструкциясы эллипсоидты профиль пішіні бар роторды және серіппелері бар діріл жетекті қамтиды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, бастапқы бөлшектерінің мөлшері 100 мкм болатын құмды ұнтақтау кезінде зерттелетін ұсақтағыш ұнтақтауының максималды жіңішкелігі 2,32 мкм болды, бұл бисерлік ұсақтағыштың типтік конструкцияларында алынған ұнтақтау жіңішкелігінен 2,6 есе жоғары.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-03-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Байгереев S., Гурьянов G., & Васильева O. (2023). Жаңа бисерлік ұсақтағыш конструкциясының эксперименттік зерттеуі . Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР СЕРИЯСЫ, 142(1), 32–43. https://doi.org/10.32523/2616-7263-2023-142-1-32-43

Журналдың саны

Бөлім

Мақала