Университет қызметкерлері тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін есептеу жүйесі
Қаралымдар: 128 / PDF жүктеулері: 244
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7263-2022-140-3-70-78Кілт сөздер:
Key Performance Indicators, онтологиялық модель, білім базасы, университет стратегиясы, көрсеткіштерді бақылауАңдатпа
Мақалада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессор-оқытушылар құрамы, кафедра меңгерушілері мен факультет декандары тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін (KPI) есептеу жүйесі сипатталған. Мақалада бизнес-процесс, онтологиялық модель, жүйенің негізгі формалары көрсетілген. Əзірленген ақпараттық жүйе Университет қызметкерлерінің қызметіне талдау жүргізуге, лауазымдар, құрылымдық бөлімшелер бойынша рейтингтің есебін қалыптастыруға, деректердің толтырылу дəрежесі бойынша есепті қарауға, сыйақы мөлшерін есептеуге мүмкіндік береді. Жүйе əрбір қызметкердің университеттің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізудегі үлесін арттыруға мүмкіндік береді, қызметкерлердің ынталандыру деңгейін, жауапкершілігін жəне тиімділігін арттырады, сондай-ақ кəсіби құзыреттілігін арттыруға көмектеседі. Жүйе 2016 жылдан бастап жұмыс істейді, профессор-оқытушылар құрамының жетістіктерінің үнемі жинақталатын деректер базасы болып табылады, қызметкерлер қызметінің нəтижелерін талдауға, есептерді визуализациялауға мүмкіндік береді.