Солтүстік Қазақстан жағдайында астық тасымалдау құнына әсер ететін факторлар


Қаралымдар: 111 / PDF жүктеулері: 108

Авторлар

  • И. Мизанбеков Қазақ ұлттық зерттеу аграрлық университеті
  • С. Бекбосынов Қазақ ұлттық зерттеу аграрлық университеті
  • Л. Лыткина Воронеж Мемлекеттік инженерлік технологиялар университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7263-2023-142-1-137-145

Кілт сөздер:

көлік шығындары, астық тасымалдау, жүк көтергіштігі, жүк айналымы, бидай, тасымалдау, маршруты

Аңдатпа

Мақалада Солтүстік Қазақстан жағдайында астық тасымалдау кезінде көлік шығындарын есептеуге әсер ететін факторлар қарастырылған. Астық өндіру Қазақстанның ауылшаруашылығының жетекші саласы болып табылады және мемлекеттің АӨК салаларын және ауылдық өңірлерді дамытуға бағытталған басым бағдарламаларын іске асыру мәселесінде стратегиялық маңызы бар. Өз кезегінде ауылшаруашылығын тұрақты дамыту Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігі стратегиясын қамтамасыз ету болып табылады.

Астық саласы өндірістің үлкен көлеміне, адам ресурстарының көп мөлшерін пайдалануға және техникалық қамтамасыз етуге байланысты, сондай-ақ тасымалдау қымбат болып табылады.

Астықты тасымалдау кезінде оларға әсер ететін факторларды анықтау есебінен көлік шығыстарын барынша азайту бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және көлік логистикасын дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді. Астықты жинау және тасымалдау жоспарын жасау кезінде ауылшаруашылығы жүктерін тасымалдау ерекшеліктерін ескеру қажет.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-03-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Мизанбеков I., Бекбосынов S., & Лыткина L. (2023). Солтүстік Қазақстан жағдайында астық тасымалдау құнына әсер ететін факторлар. Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР СЕРИЯСЫ, 142(1), 137–145. https://doi.org/10.32523/2616-7263-2023-142-1-137-145

Журналдың саны

Бөлім

Мақала