Теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін басқару жүйесін жетілдірудің келешекті бағыттары


Қаралымдар: 136 / PDF жүктеулері: 67

Авторлар

  • А.Б. Увалиева Алматы Менеджмент Университеті
  • О.Г. Киселева Алматы Менеджмент Университеті
  • Н.Г. Ескожанова Қазақ автомобиль-жол институты
  • Юн Чэнь Логистика және көлік академиясы

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7263-2023-144-3-154-164

Кілт сөздер:

теміржол көлігі, қозғалыс қауіпсіздігі, жүйелік шаралар, тасымалдау процессі, қозғалыс қауіпсіздігін басқару жүйесі

Аңдатпа

Мақала қозғалыс қауіпсіздігін кепілді қамтамасыз ету деңгейін өсірдің өзекті мәселелеріне арналған. Мақаланың мақсаты-қозғалыс қауіпсіздігін бұзу бойынша жағдайлардың туындау қаупін  кемітуге мүмкіндік беретін жүйелі тәсілді әзірлеу болып табылады. Мақалада теміржол көлігінде жүзеге асырылатын  қозғалыс қауіпсіздігінің деңгейін өсіруге ықпал ететін шаралардың  тиімділігін талдау нәтижелері көрсетілген. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мақсаттарға жету үшін жүйелік тәсілді іске асыру тиімді екені анықталған. Жүйелік тәсіл  тәуекелдерді-менеджмент құралдарын қолдануға, қауіпсіздіктің оң мәдениетін және процестік тәсілді дамытуға негізделген.

Зерттеудің нәтижесі болып екі өзара тәуелді блоктан тұратын «Қозғалыс қауіпсіздігінің матрицасы» болып табылады. Блок 1-ге тасымалдау процесін қамтамасыз ететін  элементтерді енгізу ұсынылады-бұл қызметкерлер, жылжымалы құрам және инфрақұрылым. Блок 2-ге тасымалдау процесінің қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін элементтер енгізілген, технологиялық процесс, қызметті жақсарту, құқық қолдану және бақылау. Берілген матрица қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды тиімді жоспарлауға және іске асыруға мүмкіндік береді, уақытында орындалуын бақылауға, қозғалыс қауіпсіздігі деңгейі мен жай-күйінің динамикасын бағалау үшін қолданылатын шаралардың тиімділігіне мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.

«Қозғалыс қауіпсіздігінің матрицасы» жүйелік тәсіл негізінде теміржол көлігінің кез-келген мекемесіне сәйкес техникалық, ақпараттық, материалдық, адами ресурстар мен мүмкіндіктерге құрастырса болады. Бұл тасымалдау процесіне қатысушылардың іс-әрекеттерін негізгі нәтижеге жеткізу-қозғалыс қауіпсіздігінің деңгейін өсіруге реттеуге мүмкіндік береді.

Автор өмірбаяны

А.Б. Увалиева, Алматы Менеджмент Университеті

Associate professor

Жүктеулер

Жарияланды

2023-09-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Увалиева, А., Киселева, О., Ескожанова, Н., & Чэнь, Ю. (2023). Теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін басқару жүйесін жетілдірудің келешекті бағыттары. Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР СЕРИЯСЫ, 144(3), 154–164. https://doi.org/10.32523/2616-7263-2023-144-3-154-164

Журналдың саны

Бөлім

Мақала