3D баспаланған бетонды арматуралауға арналған аутоматты арматуралаушы механизм
Қаралымдар: 117 / PDF жүктеулері: 86
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7263-2023-145-4-236-249Кілт сөздер:
3D баспаланған бетон, Құрылыстағы аддитивті технология, стандартты болат арматура, бетонды арматуралау, аутоматты арматуралаушы механизмАңдатпа
Құрылыстағы аддитивті технологияның қазіргі кездегі өзекті мәселелерінің бірі – 3D баспаланған бетонды арматуралау болып тұр. Осы уақытқа дейінгі зерттеу жұмыстары 3D баспаланған бетонды арматуралауда тек стандартты бұдырлы болат арматураны қолданғанда ғана оның механикалық қасиеттері дәстүрлі темірбетонның қасиеттеріне жақындайтынын дәлелдеді. Ендігі шешімін табу керек мәселе – 3D баспаланған бетонды стандартты бұдырлы болат арматурамен арматуралау үрдісін аутоматтандыру. Осы мәселені шешу мақсатында бұл жұмыста түйіспелі дәнекерлеу әдісін пайдаланып, аутоматты режимде екі қатарлы арматуралаушы тор құратын аутоматты арматуралаушы механизмнің тұжырымдамасы жасалынып, сол тұжырымдамаға сай оның прототипі жасалынды және жұмыс қабілеттілігін тексеру үшін зертханалық сынақтар жүргізілді. Атап айтқанда, түйіспелі дәнекерлеу әдісін пайдаланып аутоматты режимде жасалатын арматуралаушы тордың механикалық қасиеттері DIN 488-4 стандартының талаптарына сәйкестігін анықтау үшін және прототиптің түйіспелі дәнекерлеу жүйесін тексеру мақсатында крест тәріздес үлгілер жасалынып, динамомашинада ығыстыру әдісімен үзіп тексерілді. Сонымен қатар, аутоматты арматуралаушы механизмнің прототипінің барлық жүйелерінің жұмыс қабілеттілігі тексерілді. Сөйтіп ұсынылған концепцияның жұмыс қабілеттілігі дәлелденді.