Топырақты био цементтеу процесінде уреолитикалық бактериялардың қолданылуына шолу
Қаралымдар: 107 / PDF жүктеулері: 51
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7263-2024-146-1-158-176Кілт сөздер:
биоцементтеу, микроорганизмдер, Sporosarcina pasteurii, Bacillus cereus, Bacillus paramycoidesАңдатпа
Бүгінгі таңда топырақтың құрамын жақсартудың әртүрлі әдістері қолданылады. Сала ғалымдары экологияға мейілінше нұқсан келтірмеу, экожүйеге теріс әсерді азайту және оны сақтау арқылы топырақтың сапасын жақсартуға қабілетті балама әдісті табуда үнемі ізденіс жасайды. Бұл жағдайда әртүрлі микроорганизмдер жүзеге асыратын биоцементтеу барлық көрсетілген талаптарға жауап береді. Мақалада микробтық индукцияланған карбонатты тұндыру арқылы уреаза түзуге қабілетті бактерияларды қолдана отырып, ұсынылған биоцементтеу әдістеріне шолу жасалады. Зертханалық жағдайда жүргізілген көптеген талдау экологиялық таза құрылыс әдісі ретінде биоцементтеу процесінің сәттілігін көрсеткенімен, аталмыш стратегияны тәжірибеде және далада қолдану әлі де толық шешімін тапқан жоқ. Бұл екі күрделі жағдайдан туындайды: біріншіден, биоцементтеу көптеген факторларға байланысты күрделі құбылыс, екіншіден, ғылыми әдебиеттерде әртүрлі микроорганизмдер мен түрлі жағдайлар қарастырылып, әр тарапты нәтижелер берілген. Ұсынылған жұмыс кең таралған sporosarcina pasteurii, Bacillus Cereus және Bacillus paramycoides бактерияларын қолданудағы соңғы жетістіктерді зерттеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жұмыста осы әдісті қолдануды кеңейту мақсатында болашақ зерттеулердің басым бағыттары айқындалады.