Көлік саласының цифрлық трансформациясы: мүмкіндіктер мен қауіптерді талдауКөлік саласының цифрлық трансформациясы: мүмкіндіктер мен қауіптерді талдау
Қаралымдар: 141 / PDF жүктеулері: 42
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7263-2024-149-4-162-187Кілт сөздер:
көлік, көлік саласы, бизнес-процестер, жасанды интеллект, сараптамалық бағалау, цифрландыру, трансформация, мультимодальды цифрлық көлік дәліздеріАңдатпа
Мақалада көлік саласындағы цифрландыру процесінің қазіргі жағдайын талдау және сарапшылар сауалнамасының нәтижелерін бағалау арқылы жасанды интеллекттің компаниялардың бизнес-процестеріне әсер ету деңгейі анықталды.
Халықаралық көлік дәліздеріндегі институционалдық және технологиялық өзгерістер зерттеліп, мақалада көрініс тапты. Дәліздердің цифрлық трансформациясы жағдайы мен негізгі үрдістері жүйеленді, олардың экожүйесі талданып, мүдделі тараптар мен көлік саласындағы цифрландырудың драйверлері анықталды. Осыған байланысты, инфрақұрылымды біріздендіру, тасымалдау мен транзитті жеңілдету бойынша БҰҰ стандарттарын тиімді енгізу көлік дәліздеріне қатысушылардың белсенді әрекетін талап етеді.
Мақала авторлары жасаған жасанды интеллекттің көлік компанияларының жұмыс технологиясына әсерін бағалауға арналған сауалнама жасанды интеллект енгізудің артықшылықтарын ғана емес, сонымен қатар ықтимал тәуекелдерді де бағалауға мүмкіндік берді.
SWOT талдау әдісі арқылы жасанды интеллектті енгізудің компаниялардың микрологиялық және макрологиялық деңгейлердегі қызметіне тигізетін әсері зерттелді. Зерттелген мәліметтер негізінде көлік нарығына қатысушылардың саланың цифрландыру деңгейін арттыруға бағытталған негізгі әрекет бағыттары анықталды.