Интервалды реттеу жүйелерінің пойызаралық интервалға әсерін бағалау


Қаралымдар: 5 / PDF жүктеулері: 3

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7263-2025-152-3-268-279

Кілт сөздер:

пойыздар қозғалысы, интервалды реттеу, өткізу қабілеттілік, пойызаралық интервал, модельдеу

Аңдатпа

Теміржол көлігі – жолаушылар мен жүк тасымалының сенімді әрі үнемді түрі ретінде көлік жүйесінде маңызды орын алады. Соңғы жылдары қозғалыс жиілігінің артуы мен қауіпсіздік талаптарының күшеюі теміржол желісінің өткізу қабілетін оңтайландыруды қажет етуде. Осы мақсатта пойыздар арасындағы интервалды басқару жүйелерін модельдеу – қозғалыс тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды құралына айналуда. Осы мақалада пойыздар арасындағы интервалды басқару жүйелерін модельдеу арқылы қозғалысты ұйымдастырудың тиімді жолдары қарастырылады. Пойыз аралық интервал – бұл пойыздар арасындағы кеңістіктік немесе уақыттық

қашықтық, ол жүйенің қауіпсіз және тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді. Бұл интервалды нақты есептеу және түрлі басқару жүйелерінде (жартылай автоматты блоктау, автоматты блоктау, радиоблоктау) салыстыру теміржол желісінің өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. Жүргізілген есептеулерге сәйкес: жартылай автоматты блоктау жүйесінде интервал – 660 с., өткізу қабілеті – 5,45 пойыз/сағ.; автоматты блоктау жүйесінде интервал – 120 с., өткізу қабілеті – 30 пойыз/сағ.; радиоблоктау жүйесінде интервал – 72 с., өткізу қабілеті – 50 пойыз/сағ. Бұл нәтижелер радиоблоктау жүйесінің пойыздар қозғалысын басқарудағы ең тиімді жүйе екенін көрсетті, себебі ол ең аз интервалмен жоғары өткізу қабілетін қамтамасыз етеді. Зерттеу нәтижелері теміржол көлігінің цифрлық трансформациясына, қауіпсіздік пен өткізу қабілетін арттыруға үлес қосуы мүмкін.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Шукаманов, Ж., & Сүлейменова, Г. (2025). Интервалды реттеу жүйелерінің пойызаралық интервалға әсерін бағалау. Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР СЕРИЯСЫ, 152(3), 268–279. https://doi.org/10.32523/2616-7263-2025-152-3-268-279

Журналдың саны

Бөлім

Мақала

Категориялар