Workers' Club - a typology of cultural and leisure buildings in the USSR at the beginning of the XX century
Views: 172 / PDF downloads: 99
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7263-2024-148-3-16-33Keywords:
architecture, workers' club, leisure, composition, typology, folk houseAbstract
Мақалада мәдени-демалыс және мәдени-ойын-сауық ғимараттарының архитектурасының типологиялық түрі ретінде "клуб" ұғымы ашылады. Бұрынғы жұмысшы клубтары ғимараттарының тарихи хронологиясы баяндалады. Халық үйлері мен Батыс елдерінің буржуазиялық клубтарының функциялары салыстырылып, өзара салғастырылады. XX ғасырдың басында орын алған тарихи оқиғалардың сол кезеңнің сәулетіне әсер етуі жазылады. Жұмысшы клубтарының архитектурасының қалыптасуы және олардың бұрынғы КСРО аумағында XX ғасырдың 20-80 жылдар аралығында салынған тарихи алғышарттары айқындалады. Жаппай құрылыстың басталуының кезеңі және "жаңа архитектураның" идеялық шабыттандырушылары анықталады. Жұмыста К.С. Мельников жобалаған Ресейдегі ХХ ғасырдың басындағы жұмысшы клубтары талданады. Талдау барысында К.С. Мельниковтың жобасы бойынша орындалған 1920-1930 жылдардағы төрт жұмысшы клубтарының архитектурасын құру тәжірибесі қарастырылады және онда жаңа мәдени-ойын-сауық типтегі құрылыстардың қалыптасуына әсер еткен автордың рөлі талданады. Ғимараттарды сипаттау кезінде экономикалық және идеялық аспектілер, сондай-ақ аумақтық контексттер қозғалады. Бұл зерттеуде К.С. Мельниковтың жұмысшы клубтары жобаларында қолданылған жалпы архитектуралық принциптер мен композициялық әдістер талданады. Синтез және талдау нәтижелері негізінде сипатталған клубтардың жалпы ерекшеліктерін, олардың композициялық қасиеттері мен құралдарын, ұйымдастырушылық құрылымдарын жіктейтін диаграмма жасалды. Нәтижесінде мәдени-демалыс ғимараттарының жаңа типологиясы – жұмысшылар клубының пайда болуының алғышарттарын көрсететін қысқаша ретроспективті талдау беріледі.