Қазіргі жағдайда алыс, жергілікті және қала маңындағы жолаушылар тасымалын оңтайландыру жолдары


Қаралымдар: 245 / PDF жүктеулері: 425

Авторлар

  • Л.В. Вахитова Логистика және көлік академиясы
  • Ж.Ж. Альтаева Логистика және көлік академиясы
  • Д.Н. Отегенов Логистика және көлік академиясы
  • Т.А. Сагымбаев Логистика және көлік академиясы

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7263-2023-142-1-165-172

Кілт сөздер:

жолаушылар тасымалы, халықаралық жолаушылар тасымалы, қала маңындағы тасымалдау, теміржол жолаушылар тасымалы, пойыздардың жоғары жылдамдықты қозғалысы

Аңдатпа

Бұл мақалада авторлар жолаушыларды Қазақстан аумағы бойынша (жергілікті және қала маңындағы жолаушылар тасымалы), сондай-ақ халықаралық бағытта тасымалдауды іске асыратын басқа көлік түрлерімен бәсекелестік күрес жағдайында теміржол көлігімен жолаушылар тасымалдарын оңтайландыру мәселесін қарастырды. Қазақстан Республикасында жолаушылар тасымалының қазіргі жағдайына талдау жүргізіліп, көлік түрлері бойынша бөлінді. Қазақстан Республикасының негізгі көлік түрлері бойынша жолаушылар ағынының өзгеру үрдістері зерделенді. Жолаушылар тасымалына сұранысты арттыруға мүмкіндік беретін теміржол жолаушылар көлігін дамытудың негізгі басым бағыттары бөлінді. Дамыған елдердің жолаушылар поездарының жүрдек және жоғары жылдамдықты қозғалысы жобаларын енгізудің шетелдік тәжірибесі мен іске асыру ерекшеліктері қаралды. Теміржол көлігі желісіндегі жолаушылар пойыздарының қозғалыс жылдамдығын арттыруға неғұрлым үнемді тәсілдеме ұсынылды.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-03-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Вахитова, Л., Альтаева, Ж., Отегенов, Д., & Сагымбаев, Т. (2023). Қазіргі жағдайда алыс, жергілікті және қала маңындағы жолаушылар тасымалын оңтайландыру жолдары. Eurasian Journal of Applied Engineering and Technology (EJAET), 142(1), 165–172. https://doi.org/10.32523/2616-7263-2023-142-1-165-172

Журналдың саны

Бөлім

Мақала

Most read articles by the same author(s)