Микроклимат жүйелерiн басқаруда қолданылатын реттегiштердi салыстармалы талдау
Қаралымдар: 45 / PDF жүктеулері: 51
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7263-2018-122-1-41-49Кілт сөздер:
интеллектуалдық бақылау жүйесi, үй-жай микроклиматы, айқын емес қорытындылау жүйесi, айқын емес логика,, лингвистикалық қағидалары, желдету жүйесi, салқындату жүйесiАңдатпа
Мақалада басқару нысандарында қолданылатын классикалық П-,ПИ-,ПИД- және анық емес
реттегiштерi қарастырылып, талданған.
Маман-эксперттердiң бiлiмi мен тәжiрибесi есебiнен бастапқы ақпараттық жетiспеушiлiгi мен айқын еместiгi
мәселелерiн шешуге мүмкiндiк беретiн айқын емес қорытындылау жүйесiн қолдану арқылы үй-жай микроклиматын
қалыптастыру процестерiн модельдеу және басқару тәсiлi ұсынылған.
Мақалада үй-жай ауасының қажеттi температурасы мен ылғалдығын басқару жүйесi үлгiсiнде математикалық
модельдеу қорытыңдысы келтiрiлген. Модельдеу Мамдани алгоритм негiзiнде өткiзiлдi.
Мамдани алгоритмнiң рәсiмдерi: айқын емес жүйенiң қағидалар базасын қалыптастыру, фаззификациялау,
агрегаттау, жандандыру, қорытындылар аккумуляциясы, деффазификациялау процесстеры сипатталған.
Айқын емес қорытындылау жүйесiнiң процедуралары Fuzzy Logic Toolbox пакетi көмегiмен MatLab ортасында жүзеге
асырылған.