Жоғары температуралы және қысымды дистилденген судағы болат үлгілерін сынауды жүргізудің әдістемесі және құрал-жабдығы
Қаралымдар: 12 / PDF жүктеулері: 5
DOI:
https://doi.org/10.32523/3136-3385-2026-155-2-211-227Кілт сөздер:
әзірлеу, сынақ стенді, сынау, коррозиялық орта, беріктік, пластикалық, АЭСАңдатпа
Аңдатпа. Мақалада жаңадан жобаланып, жасалған сынақ стендінің құрылымы сипатталған. Бұл стенд сынақ камерасынан және оған көмекші жабдықтардан тұрады, олар: жоғары қысымды сорғы, ресивер сығылған инертті газы бар баллон және жалғастырғыш құбырлар. Бұл стенд дистилденген жоғары температуралы және жоғары қысымды судағы болат үлгілерін әртүрлі созылу жылдамдықтарымен статикалық деформациялауға және цикликалық аз циклді симметриялы жүктемеге сынауға мүмкіндік береді. Стендтің ерекшелігі – оның көмегімен болат үлгілерінің статикалық механикалық сипаттамаларын және циклдік беріктігін өте жоғары дәлдікпен анықтай отырып, сынақтар жүргізуге болады. Сынақ камерасында жоғары температуралы су бар камерадағы сынақтан өтіп жатқан үлгіге түсірілетін күшті дәл анықтау және оның деформацияларын алдын ала құрастырылған тарирлеу графиктер арқылы жанама әдістермен дәл өлшеу жүзеге асырылған. Үлгіге түсірілетін күшті өлшеу күштік штоктың ішкі қуысына орнатылатын механикалық тензометрдің индуктивті жылжу датчигімен орындалады. Камерадағы судың жоғары қысымы мен жоғары температурасы стендтің көмекші құрылғылары арқылы жасалады. Осы стендтің көмегімен 10ГН2МФА маркалы болат үлгілерін ауада және 280°C температурадағы дистилденген суда деформацияның төмен жылдамдығымен статикалық созылуға сынақтар жүргізілді. Эксперименттік сынақтардың нәтижелері көрсеткендей, жоғары температуралы дистилденген су ортасында деформацияның төмен жылдамдығы кезінде болаттың беріктігі өзгеріссіз қалады, алайда оның пластикалық қасиеттері төмендейді.






