Жер қазу машиналарының жұмыс органдарының морфологиялық талдауы және қозғалыс динамикасын математикалық модельдеу


Қаралымдар: 11 / PDF жүктеулері: 2

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7263-2026-154-1-203-215

Кілт сөздер:

жер қазу машиналары, жұмыс органдары, топырақты кесу, орта, кедергі күштері, математикалық модель, жұмыс режимі

Аңдатпа

Бұл мақалада жол және құрылыс саласында кеңінен қолданылатын жер қазу машиналарының жаңа түрлерін және жұмыс органдарын жетілдірудің ғылыми-әдістемелік негіздері қарастырылған. Қазақстандағы құрылыс көлемінің қарқынды өсуі жер қазу үрдістерін механикаландыру және олардың тиімділігін арттыру қажеттілігін туындатады. Жер қазу машиналарының өзектілігі жол, көлік, су шаруашылығы, гидротехникалық, өнеркәсіптік, азаматтық және ауыл шаруашылығы объектілерін салуға байланысты әртүрлі салаларда кеңінен қолдануға негізделген.  Осы мақсатта жер қазу машиналарының жұмыс органдарын морфологиялық талдау және олардың қозғалысын математикалық модельдеу әдістері ұсынылды.

Зерттеу барысында топырақты бұзу тәсілдері, жұмыс ортасы, тасымалдау әдістері, жұмыс циклі және базалық машинаға ілу түрлері бойынша жіктелім жүргізіліп, жұмыс органдарының гипотетикалық құрылымдарының көптүрлілігі анықталды. Морфологиялық ағаш негізінде 484 мүмкін жұмыс органы нұсқасы алынды. Әр түрлі орта жағдайында жұмыс органдары қозғалысының төрт математикалық блогы әзірленіп, кесу мен тасымалдауға қарсы кедергі күштері ескерілді.
Жасалған модельдер жер қазу үрдісінің энергия шығындарын азайтуға, беріліс күші мен айналу жиілігін оңтайландыруға, сондай-ақ машиналардың меншікті энергия сыйымдылығын төмендетуге мүмкіндік береді. Алынған нәтижелер жол-құрылыс техникасын жобалау мен жетілдіруде практикалық маңызға ие.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жунусбекова, Ж. . (2026). Жер қазу машиналарының жұмыс органдарының морфологиялық талдауы және қозғалыс динамикасын математикалық модельдеу: . Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР СЕРИЯСЫ, 154(1), 203–215. https://doi.org/10.32523/2616-7263-2026-154-1-203-215

Журналдың саны

Бөлім

Машина жасау

Категориялар