Flax-TRM жүйелерінің созылу және жаншу-срез адгезиялық сынақтары
Қаралымдар: 1 / PDF жүктеулері: 0
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7263-2026-154-1-9-22Кілт сөздер:
суықтай иілген болат (Cold-Formed Steel); жаншу тұрақсыздығы (Shear Buckling); қабырға ойығы (Web Opening); соңғы-элементтік модельдеу (FE Modelling); арна тектес қима (Channel Section)Аңдатпа
Бұл мақала табиғи талшықтарға негізделген TRM композиттері мен қалау негізі (тас, кірпіш) арасындағы адгезиялық өзара әрекеттесуін зерттеуге арналған эксперименттік бағдарламаның алдын ала нәтижелерін ұсынады. TRM жүйесі әк негізді ерітіндіге енгізілген бір немесе екі қабат зығыр талшықты текстильден құралады. «Текстиль/матрица» композиттерінің жұмыс істеу қабілеті және олардың қалау негізімен адгезиялық байланысы тікелей созылу сынақтары мен біржақты жаншу-срез адгезиялық сынақтары арқылы зерттелді. Екі серияның нәтижелері талқыланып, күшейту жүйелерін жобалауға қажетті негізгі параметрлер анықталды. Талшықтар, матрица және негіз материал арасындағы кернеуді беру механизмі жан-жақты қарастырылып, Flax-TRM жүйелерін қалау құрылымдарын күшейту шешімі ретінде қолдану мүмкіндігі бағаланды.






