Коммуналдық қалдықтарды тиімді жинауға арналған шанақтың құрылымын жетілдуру
Қаралымдар: 14 / PDF жүктеулері: 5
DOI:
https://doi.org/10.32523/3136-3385-2026-155-2-163-172Кілт сөздер:
Қоқыс таситын көлік, қоқысты бөлу, толтыру коэффициенті, оңтайландыру, тасымалдау технологиясы, қоқысАңдатпа
Қазіргі кезде қоқыс мәселесі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Оны қайта өңдеу мақсатында жылдан жылға жаңа әдістер ұсынылып отыр, сондай әдістердің бірі қоқысты сұрыптап салу, себебі мысалы қағаз бөлшектерді немесе шыны бөлшектерді қайта өндеуге мүмкіндіктер көп. Соған байланысты қоқыс таситын көліктерде арнайы шанағы үш бөлімнен құралып, қоқыстарды арнайы секцтяларға салу арқылы тасымалдайды, бірақта көбіне байқап отырғанымыздай, қоқыс саны әр түрлі болуы мүмкін. Кейбір жағдайда бір қоқыс түрі, екінші типіне қарағанда көбірек болады. Соған байланысты бұл мақалада тұрмыстық қатты қалдықтарды түрлері бойынша жинау кезінде қоқыс таситын көліктердің құрылымын жетілдіру мақсатында оның ішкі секциясын үш бөлікке бөлу қарастырылған. Қоқыс таситын көліктердің шанағын үш адаптивтік түрге ажырата отырып, тасымалдау санын азайту және құрылымды оңтайлы пайдалану ұсынылады. Яғни бір секцияда қоқыс аз толтырылған жағдайда, екінші секция гидравлика арқылы ұлғайып, бос кеңістікті жабады. Берілген мақсатқа жету үшін мақалада толтыру коэффициенттері анықталған. Сонымен қатар, Ansys бағдарламасында құрылымды беріктікке, орнықтылыққа зерттеу жұмыстары қарастырылған. Есептеу нәтижесінде құрылымның беріктігіне көз жеткізілген.






