Автокөлік бәсеңдеткішінің пайдаланылған газдарын электр импульспен тазарту дәрежесін эксперименттік жолмен анықтау


Қаралымдар: 209 / PDF жүктеулері: 163

Авторлар

  • Е.Ю. Крючков А. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті
  • А.С. Кадыров А. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті
  • А.Б. Кукешева А. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті
  • Б.К. Курмашева А. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті
  • К.А. Синельников А. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7263-2023-142-1-23-31

Кілт сөздер:

автокөлік, пайдаланылған газды шығару жүйесі, электроимпульсты бәсеңдеткіш, газдың иондануы, газдың мөлдірлігі

Аңдатпа

Қазіргі уақытта пайдаланылған газдардың зиянды шығарындыларының көлемін азайту арқылы экологиялық сенімді автокөлік құралын құру адамзаттың жаһандық мәселесі болып табылады. Осы себеппен жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттарының бірі іштен жану қозғалтқыштарының пайдаланылған газдарын тазарту жүйесін жетілдіру болып табылады. Дегенмен, бүгінгі күнге дейін іштен жану қозғалтқыштарының пайдаланылған газдарын тазарту жүйесінің жұмысын жақсартатын әмбебап құрылымдар мен тиімді әдістер жоқ. Осыған байланысты тиімді тазалау әдісі негізінде автокөліктің газ шығару жүйесінің жаңа құрылымдарын әзірлеу өзекті міндет болып табылады.  Мақалада авторлардың автокөліктің зиянды шығарындыларының концентрациясын төмендетуге арналған электр-импульсті тазарту әдісі негізінде жұмыс істейтін автокөлік бәсеңдеткішінің жаңа құрылымдарын жасау бойынша ғылыми және эксперименттік зерттеулерінің нәтижелері келтірілген.  Бәсеңдеткіштің ішіне орнатылған электродтарға соққы электр разрядын беру арқылы газ бөлшектерінің иондану процесін жеделдететін автокөліктердің пайдаланылған газдарын тазарту принципін жүзеге асыратын электр импульсті бәсеңдеткіштің эксперименттік қондырғысы сипатталған. Электродтар арасындағы қашықтықтың өзгеруіне байланысты газ мөлдірлігі көрсеткіштерінің өзгеруі бойынша эксперименттік деректер алынды. Соның нәтижесінде жүргізілген регрессиялық-корреляциялық талдау негізінде газдың мөлдірлігі мәндерінің электродтар арасындағы қашықтықтың өзгеруіне эмпирикалық тәуелділіктері анықталды.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-03-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Крючков Y., Кадыров A., Кукешева A., Курмашева B., & Синельников K. (2023). Автокөлік бәсеңдеткішінің пайдаланылған газдарын электр импульспен тазарту дәрежесін эксперименттік жолмен анықтау. Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР СЕРИЯСЫ, 142(1), 23–31. https://doi.org/10.32523/2616-7263-2023-142-1-23-31

Журналдың саны

Бөлім

Мақала

Most read articles by the same author(s)