Топырақ массивінің DDS технологиясы бойынша орнатылған бұрғыланып толтырылған қадаларымен өзара әрекеттесуін зерттеу
Қаралымдар: 144 / PDF жүктеулері: 149
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7263-2022-141-4-19-29Кілт сөздер:
қада, статикалық сынақ, лабораториялық сынақ, көтергіш қабілеті, бұрғыланып толтырылған қадаАңдатпа
Ұсынылып отырған мақалада DDS технологиясын пайдалану арқылы орнатылған бұрғыланып толтырылған қадалардың эксперименттік және есептік көтергіш қабілеттерінің көрсеткіштерін, статикалық сынау мен нормативтік есептеулер бойынша салыстырылған. Сондай-ақ Drilled Displacement System (DDS) әдісі бойынша орналастырылған қадалардың айналасындағы топырақ үлгілерінің компрессиялық сынау нәтижелері ұсынылған. Деформация модулінің, ішкі үйкеліс бұрышының және ілінісу сияқты топырақтың деформациялық қасиеттерінің бұрғыланып толтырылған қаданың диаметріне тәуелділігі анықталды. DDS технологиясын пайдалану арқылы орнатылған бұрғыланып толтырылған қадалардың бүйір бетінің топырағының жұмыс шартының коэффициенті, дәстүрлі және ұсынылып отырған DDS әдісі бойынша орналасқан бұрғыланып толтырылған қадалардың сандық модельдеу нәтижесі негізінде алынған. DDS инновациялық технологиясының сипаттамасы, бұрғылау шнегінің бұрғылау және топырақты ығыстыру кезіндегі жұмысының түсіндірмелері мен жалпы жоғарыда аталған технологияның артықшылықтары мен оның экономикалық тиімділігі көрсетілген.