Көлденең ығысу деформациясын ескергендегі серпімді пластинаны есептеу әдісі
Қаралымдар: 92 / PDF жүктеулері: 106
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7263-2022-140-3-16-31Кілт сөздер:
пластина, ақырлы элемент, көлденең ығысу деформациясы, көлденең ығысу параметрі, майысу функциясыАңдатпа
Мақалада көлденең ығысу деформациясын ескергендегі пластинаның жетілдірілген ақырлы элементі ұсынылған. Көлденең ығысу деформациясы ақырлы элементтің түйіндеріндегі жылжулар арқылы параметр түрінде ескерілген. Ақырлы элементтер әдісі бойынша көлденең ығысу деформациясын ескергендегі пластинаның ақырлы элементінің негізгі тәуелділігі мен қатаңдық матрицасы табылған. Төрт бұрышты ақырлы элементтің көлденең ығысу деформациясын ескергендегі координаттық функциялары анықталған. Ақырлы элементтер әдісі арқылы пластинаның есептеуі толығымен автоматтандырылған. Мысал ретінде көлденең ығысу деформациясын ескергендегі серпімді пластинаның иілуі көрсетілген. Үш жағдайдағы серпімді пластинаның түйіндік тік жылжулары, бұрылу бұрыштары, иілу моменттері, бұралу моменті және көлденең күштерінің сандық нәтижелері алынған. Үш жағдайдағы серпімді пластинаның алынған шешімдері бір-бірімен салыстырылған. Есептеу нәтижелері кестелер мен эпюралар арқылы көрсетілген.