Нұр-Сұлтан қаласындағы қысқы уақыттағы жолдардың жағдайын бақылау


Қаралымдар: 97 / PDF жүктеулері: 92

Авторлар

  • A.C. Сарсембаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • С.Т. Мусаханова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • З.С. Сагинов «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кəсіпорын
  • А.Ж. Жусупбеков Санкт-Петербург мемлекеттік сəулет-құрылыс университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7263-2022-140-3-104-113

Кілт сөздер:

автомобиль жолдары, жол төсемінің қатуы, температураны бақылау, жер асты қабаты

Аңдатпа

Бұл жұмыста Нұр-Сұлтан қаласының геоклиматтық жағдайында тас жол учаскесіндегі іргетас топырақтарының физика-механикалық қасиеттеріне талдау жасалды. Зертханалық жағдайда топырақтың тығыздығын, табиғи ылғалдылығын және пластикалық қасиеттерін анықтау үшін жер асты қабатының топырақ үлгілері қыста алынды. Беріктік пен деформациялық сипаттамалар қысу және ығысу сынақтарымен анықталды. Сонымен қатар тас жолдың жабындары мен жерасты қабаттарының қабаттарына датчиктер орнату арқылы қысқы температураны бақылау жүргізілді. Қыс мезгіліндегі қату тереңдігі анықталып, жабынның және негіздік топырақтардың тереңдігі бойынша температураның таралуына талдау жасалды. Төменгі қабаттардың жылуды субкомпенсациялау (жылу беру) есебінен қысқа мерзімді температура +6,6 °C дейін көтерілуімен жабын қабаттары тұрақты мұздатылған күйде қалатыны және жеткілікті қауіпсіздік шегі бар екені анықталды. Ал жол төсемінің бетінен 25 см тереңдіктегі қабаттар ең үлкен температуралық әсерге ұшырайды.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-09-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сарсембаева A., Мусаханова, С., Сагинов, З., & Жусупбеков, А. (2022). Нұр-Сұлтан қаласындағы қысқы уақыттағы жолдардың жағдайын бақылау. Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР СЕРИЯСЫ, 140(3), 104–113. https://doi.org/10.32523/2616-7263-2022-140-3-104-113

Журналдың саны

Бөлім

Мақала

Most read articles by the same author(s)