Жылу энергетикалық объектілерінде конвейерлік желіні басқарудың автоматтандырылған жүйесін әзірлеу
Қаралымдар: 109 / PDF жүктеулері: 84
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7263-2023-144-3-111-121Кілт сөздер:
конвейерлік қондырғы, релелік-контактілі сұлба, тахогенератор, автоматтандыру, дабыл, функционалдық сұлба, іске қосқышАңдатпа
Мақалада жылу энергетикалық объектілердің технологиялық қондырғыларын басқару жүйесінің техникалық және бағдарламалық құралдарын таңдау және әзірлеу міндеттері шешіледі. Техникалық жүйелер мен технологиялық процестерді бақылау және басқару объектілері ретінде талдау, автоматтандыру объектісінің технологиялық сипаттамаларын талдау, автоматтандырудың техникалық құралдарын таңдау, қазандық агрегатын автоматтандырудың функционалдық схемасы, конвейерлік қондырғылар алгоритмдерінің логикалық сұлбасы, конвейерлік қондырғыны автоматтандырудың функционалдық сұлбасы жасалды, өнеркәсіптік контроллерлер мен ISaGRAF аспаптық жүйесі негізінде логикалық басқару жүйелерін техникалық іске асыру принциптері анықталды. Жылдамдық пен уақыт тогы функциясында конвейер қондырғыларын басқару сұлбасы жасалды. Конвейерлік қондырғыны басқару жүйесін бағдарламаланатын логикалық контроллерге орнату арқылы жаңарту.