Сына бағаналарының жабдықтарының 20X болатты электролиттік-плазмалық шынықтыру арқылы беріктендіру


Қаралымдар: 68 / PDF жүктеулері: 70

Авторлар

  • К.К. Комбаев Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті
  • Р.Б. Ахмадиев Өскемен өнеркəсіптік арматура зауыты АҚ
  • А.Б. Касенова Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті
  • Д.С. Елеманов Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті
  • Г.М. Токтарбаева Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті
  • Г.С. Сыпайнова Д. Серикбаев атындағы Шығыс-Қазақстан техникалық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7263-2022-139-2-86-101

Кілт сөздер:

электролитті-плазмалық беріктендіру, қатайту, қаттылық, математикалық модель, жергілікті өңдеу

Аңдатпа

Мұнай-газ өнімдеріне әлемдік сұраныс мұнай өнімдерін өндіруге және тасымалдауға арналған бөлшектер мен жабдықтарды өндіруде қолданылатын технологиялық процестерде айтарлықтай сапалық және сандық өзгерістер тудырды. Қазақстан әлемдегі ең ірі мұнай өндіруші ел болып табылады, сондықтан мұнай-газ жабдықтарын өндірудің ілгерінді технологиясын дамыту өнеркәсіптік және экономикалық өсуді ынталандыруы мүмкін. Сына бағаналарының (СБ) маңызды бөлшектерін беріктендірудің дәстүрлі технологиялары көптеген өнеркәсіптік кәсіпорындарда қолданылатынына қарамастан, көп энергияны және көп уақытты қажет етеді. Төмен көміртекті легірленген плашканы химиялық-термиялық беріктендіруді ғылыми зерттеу үшін 20Х болаттан, МемСт 33260-2015 (207 Steel), жасалған сына бағаналарын байлауды электролитті-плазмалық беріктендірудің эксперименттік қондырғысы әзірленді. Электролитті-плазмалық беріктендірудің тәжірибелік зерттеулері әртүрлі өңдеу режимдерінде жүргізілді. Бөліктің жоғары жылдамдықты қыздыруының вольт-амперлік сипаттамасының иондалған электролит плазмасының температурасына тәуелділігі сипатталған. Электролиттегі қыздыру мен беріктендіру жылу өткізгіш үрдісі математикалық модельмен сипатталған, регрессия формуласы алынған. Электролитті-плазмалық беріктендірудің негізгі параметрлері анықталды, өңдеудің оңтайлы режимдері шығарылды. Растрлық элементтік талдау төмен көміртекті легірленген болаттың қатайтылған қабатының көміртегінің беттік модификациясын көрсетеді. Электролитті плазмалық беріктендіру әдісі СБ плашкасының жұптасқан жұмыс беттерін жергілікті қатайтуға мүмкіндік береді. Бастапқы күйге қатысты микроқұрылымның өзгеру нәтижелерін, қаттылықтың артуын зерттеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Комбаев, К., Ахмадиев, Р., Касенова, А., Елеманов, Д., Токтарбаева, Г., & Сыпайнова, Г. (2022). Сына бағаналарының жабдықтарының 20X болатты электролиттік-плазмалық шынықтыру арқылы беріктендіру. Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР СЕРИЯСЫ, 139(2), 86–101. https://doi.org/10.32523/2616-7263-2022-139-2-86-101

Журналдың саны

Бөлім

Мақала