Талшықтардың бетонның беріктік сипаттамаларына әсерін бағалау


Қаралымдар: 98 / PDF жүктеулері: 62

Авторлар

  • М.Н. Нұрбаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Л.Б. Аруова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Р.Е. Лукпанов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7263-2023-143-2-36-45

Кілт сөздер:

фибробетон, полипропилен талшығы, базальт талшығы, беріктік, қоспа

Аңдатпа

Мақалада ұсақ түйіршікті бетонның беріктік сипаттамаларына әсер ететін әртүрлі талшықтарды зерттеу нәтижелері келтірілген. Фибробетон үшін қолданылатын талшық түрлерінің негізгі сипаттамалары көрсетілген. Бетондарды дисперсті арматуралауға арналған полипропилен және базальт талшығының зертханалық зерттеу нәтижелері келтірілген. Беріктіктің өзгеруін бағалау үшін үлгілер әзірленіп, қалыпты ылғалдылықта қатайған 3, 14 және 28 тәулік мерзімінде сығылу беріктігіне сыналды. Талшықсыз (бақылау үлгісі) және цемент массасынан 0,1, 0,5, 1,5, 2,5 % полипропилен талшығын және цемент массасынан 0,05, 0,1, 0,2, 0,5 % базальт талшығын енгізу арқылы сығылу кезіндегі беріктік шегін анықтау нәтижелері келтірілген. Полипропилен талшығын қоспаға енгізудің ең тиімді шектерін цемент массасынан 0,5 % деп санауға болатындығы көрсетілді, бұл бақылау үлгісімен салыстырғанда 9,09 % - ға дейін сығылу беріктігінің артуына әкеледі. Цемент массасының 0,1 % мөлшерінде ұсақ түйіршікті базальт талшықты бетон қоспасына енгізу сығылу беріктігін 11,4 % арттыруға мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Нұрбаева, М., Аруова, Л., & Лукпанов, Р. (2023). Талшықтардың бетонның беріктік сипаттамаларына әсерін бағалау. Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР СЕРИЯСЫ, 143(2), 36–45. https://doi.org/10.32523/2616-7263-2023-143-2-36-45

Журналдың саны

Бөлім

Мақала