Интернет заттар: қауіпсіздік және құпиялылық стандарттары


Қаралымдар: 112 / PDF жүктеулері: 95

Авторлар

  • А.Д. Адамова Astana IT University
  • Т.К. Жукабаева Astana IT University
  • Ху Вен-Цен М. Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7263-2023-144-3-29-40

Кілт сөздер:

заттар интернеті, қауіпсіздік, коммуникация, стандарт, шабуыл

Аңдатпа

Заттар интернеті (IoT) өзара әрекеттесу кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету - көптеген зерттеушілердің назарын аударды. Қазіргі уақытта стандарттар мәселесі өте күрделі және маңызды, бұл заттар интернетін жасауға да, күнделікті өмірге енгізуге де тікелей әсер етеді. Бүгінгі күні көптеген стандарттар мен хаттамалар бар, олар архитектураның әртүрлі қабаттарында сәйкес келмеуі мүмкін. Ұсынылған мақалада терминология, архитектура модельдері, қауіпсіздік және интеграция сценарийлері, жіктеу және хаттамалар сияқты әртүрлі аспектілерде қарастырылатын қазіргі заманғы халықаралық заттар интернетінің қауіпсіздік стандарттарына шолу берілген. IoT жүйелерін әзірлеу және өндіру процесінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша негізделген шешімдер қабылдауға ықпал ететін стандарттар мен тиісті зерттеулерге салыстырмалы талдау жүргізілді. Бұл зерттеулер туындаған қиындықтарды жеңуге және қосылған IoT құрылғыларының қауіпсіздігін бақылау және қамтамасыз ету құралдарын таңдау бойынша практикалық ұсыныстар жасауға бағытталған. Зерттеу әдістемесі IoT стандарттарындағы олқылықтарды анықтауды, бар мәселелер мен ұсынылған шешімдерді талдауды қамтыды.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-09-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Адамова A., Жукабаева T., & Вен-Цен K. (2023). Интернет заттар: қауіпсіздік және құпиялылық стандарттары. Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР СЕРИЯСЫ, 144(3), 29–40. https://doi.org/10.32523/2616-7263-2023-144-3-29-40

Журналдың саны

Бөлім

Мақала