Ығыстыру технологиясы бойынша жасалған бұрғыланып толтырылатын қадалардың лабораториялық және далалық сынақтарын зерттеу
Қаралымдар: 177 / PDF жүктеулері: 93
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7263-2023-145-4-37-48Кілт сөздер:
масштабталған модельді қада, модельді сынақ, көтергіш қабілеті, статикалық жүктемелік сынақАңдатпа
Дәстүрлі қадалармен салыстырғанда, ығыстыру технологиясы бойынша (Drilled Displacement System ары қарай DDS) бұрғыланып толтырылатын қадалармен үздіксіз шнек(Continuous Flight Auger ары қарай CFA) технологиясы бойынша жасалған бұрғыланып толтырылатын қадалар көтеру қабілетімен, жылдам орнату және бүлінудің аз қалыптасуы тұрғысынан артықшылықтарға ие. Бұл мақалада көлемді стендте Drilled Displacement system (DDS) және Continuous Flight Auger (CFA) технологиялары арқылы салынған модельді қадалардың тәжірибелері сипатталған. Зерттеу үшін диаметрі 20 мм және ұзындығы 300 мм 1/20 масштабтағы модельдік қадалар жасалынды. Модельдік қадалар статикалық жүктемеге ұшырады және тиеу процесінің әр кезеңінде сәйкес мәні алынды. DDS қадалары үшін де, CFA қадалары үшін де «шөгу-жүктеме» графигі талданып, шекті жүк көтергіштігінің бағалау нәтижелері салыстырылды. Зерттеуге сәйкес, DDS қадалары жүк көтергіштігі CFA қадаларынан асып түсті. Сонымен қатар, диаметрі 400 мм және ұзындығы 6 м болатын DDS бұрғыланып толтырылатын қадаларына статикалық жүктемелермен толық ауқымды далалық сынақтар жүргізілді. Далалық жүктемені есептеу кезіндегі сынақ нәтижелері реакциясы модельдік тестілеу нәтижелеріне жақсы сәйкес келеді. Тұтастай алғанда, зерттеу нәтижелері DDS қадаларының сипаттамалары мен өнімділігі туралы пайдалы ақпарат береді, оны әртүрлі топырақ түрлерінде осы қадалардың дизайны мен орнатылуын жақсарту үшін пайдалануға болады.