Тістегершікті сорғылардың конструктивті және технологиялық ерекшеліктерін талдау
Қаралымдар: 150 / PDF жүктеулері: 142
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7263-2023-143-2-204-214Кілт сөздер:
тістегершікті сорғысы, саңылау, пульсация, тозу, кавитацияАңдатпа
Мақалада тістегершікті сорғылардың негізгі конструктивті және технологиялық ерекшеліктері келтірілген беріліс контактілерінің сипаттамасы олардың өзара әрекеттесуінде және өндіріс дәлдігінде. Тісаралық кеңістіктегі байланыстардың артуы пульсацияны 75% - ға, шу деңгейін 5 децибелге төмендетеді. Қисықтісті берілістерді қолдану тістегершікті сорғыларының тиімділігін арттырады және пульсацияны азайтады. Сыртқы ілінісуі бар және осьтік компенсациясы бар тістегершікті сорғысы жоғары дәлдікпен және жоғары сапалы материалдармен шаршау жүктемелеріне төзімді. Ішкі ілінісуі бар тістегершікті сорғылары ықшам корпусқа ие және аз шу шығарады. Іс жүзінде көбінесе сыртқы ілінісуі бар тістегершікті сорғылары конструкциясының қарапайымдылығы мен төмен бағасына байланысты қолданылады. Тістегершікті сорғының корпусы жоғары қысымға байланысты тозуға бейім. Сорғы жұмыс істеп тұрған кезде біркелкі емес кернеулер пайда болады, бұл білікке бір бағытта шаршау жүктемесіне әкеледі. Қосымша пульсация құрылымның тербелісіне әкеледі. Тістегершікті сорғысының өзіндік тербелісі оның істен шығуына ықпал етеді, әсіресе айналу жылдамдығы 100000 цикл болса. Тістегершікті сорғы жұмыс істегенде шу пайда болады, оны дыбыс өшіргіштермен немесе демпферлермен сөндіруге болады, бұл сорғының бағасын арттырады. Тістегершікті сорғының тістер аралықтары қысымның күрт жоғарылауы кезінде кавитацияға ұшырайды, бұл тозуды арттырады. Тозуды, пульсацияны, дірілді, шуды жою үшін майлардың әртүрлі түрлерін және тіс пішінін түзету әдістерін қолдана отырып, тістегершікті сорғының жаңа конструкциясы ұсынылады.