Қар көшкінін болжау үшін микротолқынды диапазондағы қардың сипаттамаларын зерттеу
Қаралымдар: 113 / PDF жүктеулері: 45
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7263-2024-147-2-137-153Кілт сөздер:
қар, қар көшкіні, радио толқындарының таралуы, рупорлық антеннасы, толқындық детектор секциясы, кешенді диэлектрлік өтімділік, электромагниттік сәулелену, радиотолқындарды жұтуАңдатпа
Жиналған қар массасының беткейінен түсу әдетте климаттық себептерден туындайды: ауа-райының күрт өзгеруі (соның ішінде атмосфералық қысымның өзгеруі, ауа ылғалдылығы), жаңбыр, мол қар. Қар көшкініндегі қардың көлемі бірнеше миллион текше метрге жетуі мүмкін. Алайда, тіпті 5 м3 көлеміндегі қар көшкіні де өмірге қауіп төндіруі ықтимал. Осы жағымсыз факторларды азайту және болдырмау үшін көшкіндердің пайда болуын алдын-ала болжау және алдын-алу қажет. Бұл міндет тау беткейлерінің болжамды учаскесінде қардың жай-күйі мен ауа-райының тұрақты мониторингін жүргізу арқылы шешіледі.Ол үшін қазіргі уақытта әртүрлі физикалық және техникалық принциптерге негізделген көптеген әртүрлі әдістер мен тәсілдер қолданылады. Перспективалы бағыттардың бірі ультра жоғары жиілікті (микротолқынды) диапазондағы радио толқындарын пайдалану болып табылады. Жұмыс қар параметрлерін қашықтықтан өлшеуге арналған микротолқынды әдістердің мүмкіндігін зерттеуге арналған. Қар көшкінін болжауға арналған радио толқындарының микротолқынды диапазонындағы әртүрлі қар параметрлерін өлшеу үшін екі эксперименттік қондырғы салынды. Қардағы микротолқынды сәулеленудің жұту коэффициентін есептеу үшін пайдаланылған қардағы радиотолқындардың әлсіреуін эксперименталды зерттеулердің нәтижелері ұсынылған. Диэлектрлік өтімділігі мен қар шығыны бұрышының тангенсі толқындау әдісімен өлшенген.