Тіскесуші құралдардың тұрақтылығы мен тозуын зерттеу
Қаралымдар: 109 / PDF жүктеулері: 43
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7263-2024-146-1-222-235Кілт сөздер:
Тіскесу құралының тозуы,, үлкен модульді тісті доңғалақтар,, тұрақтылық кезеңі, термофрикциялық өңдеу,, үйкеліс жонғышыАңдатпа
Мақалада тіскесу құралдарының тозу проблемасының жай-күйін зерттеу нәтижелері келтірілген. Ғылыми зерттеудің мақсаты тіскесуші құралдардың тозу себептерін анықтау, сондай-ақ, үлкен модульді цилиндрлік тісті доғалақтарының ойымдарын өңдеудің жаңа әдісін және оны жүзеге асыру үшін арнайы құрал құрылымын жарату. Тіскесу құралдарының тозуын зерттеу бойынша ғылыми жұмыстарға шолу жасалды және тозу қарқындылығына әсер ететін факторлар анықталды. Тіскесу құралының тозуына ықпал ететін негізгі факторлардың бірі өңделетін тісті доңғалақтың модулі болып табылатыны және ол ұлғайған сайын құралдың тозуы сәйкесінше арта түсетіні айқындалды. Бұл әсіресе үлкен модульді цилиндрлік тісті доңғалақтарды өндіруде, атап айтқанда тіс ойымдарын өңдеу процесінде орын алады. Онда құралдың тозу қарқындылығы артады, өңдеудің дәлдігі мен өнімділігі төмендейді, сонымен қатар операцияның өзіндік құны жоғарылайды. Процестің бұл күйін, ең алдымен, тісті доңғалақ ойымдарынан металдың үлкен көлемін алып тастау қажет екендігімен байланыстыруға болады. Бұл мәселені шешу үшін үлкен модульдік цилиндрлік тісті доңғалақ тістерінің ойымдарын термофрикциялық өңдеудің жаңа ресурсты үнемдейтін әдісі ұсынылады. Цилиндрлік тісті доңғалақ ойымдарын термофрикциялық жонғылау және импульсті салқындатуға ие термофрикциялық жонғылау әдістерімен өңдеуге арналған модульдік тегерікті үйкеліс жонғыштарының конструкциясы әзірленді. Тегіс модульдік тегерікті үйкеліс жонғыштың және оны токарлық винткесуші білдекке бекіту үшін арнайы әбзелдің тәжірбиелі үлгілері жасалды.