Web-интеграциясы
Web-интеграциясы
Қаралымдар: 107 / PDF жүктеулері: 57
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7263-2024-146-1-236-242Кілт сөздер:
интеграция, WEB интеграциясы, интеграция түрі, артықшылықтары, WEB қызметіАңдатпа
Мақалада WEB интеграциясының негізгі аспектілері, түрлері мен тәсілдері, олардың техникалық және бизнес тұрғысынан артықшылықтары қарастырылған. Қазіргі уақытта WEB-интеграция мен WEB-сервистердің өзектілігі мен рөлі, сондай-ақ олардың ұсынатын ерекшеліктері туралы мәселе белсенді көтерілуде. Зерттеуде интеграцияның екі негізгі түрі жүйеленген. Бизнес тұрғысынан WEB интеграциясының оң нәтижелері мен артықшылықтары негізделген және тізімделген. Web_integration үшін қолданылатын басты тәсілдер: презентация деңгейіндегі, функционалдылық деңгейдегі, деректер деңгейіндегі және кешенді интеграция талданады. Жоғарыда аталған WEB интеграциясының әрқайсысының әлеуеті мен ахуалдары, сондай-ақ олардың әртүрлі ситуацияларда ұсынатын мүмкіндіктері сипатталған. Веб-интеграцияның негізгі түрлеріне талдау және салыстырулар жасалып, әлеуметтік желілерді интеграциялау негізінде мысалдар келтірілген. Атап айтқанда, әлеуметтік желілерді сайтқа интеграциялау аудиторияны кеңейтуде, жеңілдетуде және пайдаланушымен өзара әрекеттесу мақсатында интеграцияны қолданудың ең тиімді әдістерінің бірі болып табылады. Сайтқа әлеуметтік медианы біріктірудің келесі мысалдары қарастырылады: пайдаланушыларға басқа қолданушылардың сұрақтарына жауап беру, сондай-ақ ақпарат алмасуға мүмкіндік беру үшін бөлісу және ұнату түймелерін қосу; әлеуметтік медиа мазмұнын ендіру. Бұл әрекеттер әлеуметтік медиа жазбаларын сайтқа тікелей ендіруге мүмкіндік береді және пайдаланушы деректеріне API арқылы қол жеткізіледі. Мақалада зерттеу нәтижелері мен web-интеграцияның өзектілігі мен оның қазіргі әлемдегі рөлі туралы қорытындылар келтірілген.