Құрылыс 3D басып шығару технологиясында қалдық негізіндегі модификациялық қоспаларды пайдалану
Қаралымдар: 85 / PDF жүктеулері: 19
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7263-2024-148-3-97-113Кілт сөздер:
3D басып шығару, портландцемент, ұсақ толтырғыш, белсенді минералды қоспа, модификациялық қоспа, химиялық қоспа, шөгу деформациясы, реотехнологиялық қасиеттеріАңдатпа
Құрылыс индустриясында инновациялық 3D басып шығару технологияларының енгізілуі материалдардың тиімділігі мен экологиялық тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді. Осы технологияның дамуымен қатар, қалдық материалдарды қолдану арқылы модификациялық қоспалар жасау қажеттілігі туындады. Бұл зерттеу қалдық негізіндегі модификациялық қоспалардың құрылыс 3D басып шығару технологиясында қолданылуын қарастырады.
Қабатты экструзия әдісімен қалыптасқан ұсақ түйіршікті бетондардың негізгі физика-механикалық қасиеттері мен беріктігі шикізат қоспаларының құрамына, өзара әрекеттесу жағдайына және реотехнологиялық қасиеттердің берілген кешені бар цементтерді, ерітінділерді және бетондарды алу кезінде модификациялық қоспасын қолданудың жоғары тиімділігін көрсету.
Зерттеу барысында қалдық материалдардың қасиеттері зерттеліп, олардың 3D басып шығару үшін пайдаланылатын құрылыс қоспаларының құрамында қолданылу мүмкіндігі талданады. Қалдық материалдардың тиімділігін және олардың құрылыс материалдарының физикалық-механикалық қасиеттеріне әсерін анықтау мақсатында түрлі эксперименттер жүргізілді.
Нәтижесінде, қалдық негізіндегі модификациялық қоспалар құрылыс 3D басып шығару технологиясында құрылыс материалдарының беріктігін, тұрақтылығын және экологиялық достығын арттыруға ықпал ететіні анықталды. Бұл тәсілдердің экологиялық тиімділігі мен экономикалық пайдаларын қарастыра отырып, құрылыс саласында жаңа мүмкіндіктер мен шешімдер ұсынуға бағытталған.