Престелген түйіршіктерді өндіру құрылғысын жетілдіру


Қаралымдар: 55 / PDF жүктеулері: 12

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7263-2024-148-3-167-175

Кілт сөздер:

құрылғы, престелген, түйіршік, матрица, тік білік

Аңдатпа

Бұл мақала престелген түйіршіктерді өндіру құрылғысын жетілдіруге арналған. Түйіршіктелген жем жоғары тағамдық құндылығына байланысты мал шаруашылығы үшін перспективалы өнім ретінде қарастырылады. Грануляторды жемдік дақылдардан түйіршіктер өндірісінің негізі ретінде сипаттамасы ұсынылған. Гранулятордың негізгі элементтерінің бірі матрица, ол көптеген саңылаулары бар болат бөлігі болып табылады, ол арқылы түйіршіктеу кезінде қоректік масса қысыммен өтеді. Матрицалар жалпақ және сақиналы болып бөлінеді. Конструкциясы бойынша грануляторлар роликті, барабанды, табақша, қалақша, дірілді және айналмалы-центрифугалық болып бөлінеді. Грануляторлар сонымен қатар тұрмыстық және өндірістік болып бөлінеді, олардың бір-бірінен айырмашылығы әртүрлі өлшемдер мен өнімділікте. Бүгінгі таңда грануляторлар Ресейдің кейбір зауыттарында шығарылады. ҚР Президентінің жолдауына сүйене отырып, Қазақстанға агроөнеркәсіптік кешеннің шикізатын, оның ішінде құрама жем грануляторларын қайта өңдеуге арналған жабдықтардың өзіндік өндірісін жолға қою қажет. Зерттеу барысында престелген түйіршіктерді өндіруге арналған құрылғы жасалды. Жетілдірілген гранулятордың конструкциясы жұмысшы органдарына ең жоғары жүктемелерді азайтуға, сенімділікті арттыруға, жұмыс органдарының әрекет ету аймағына жем қоспасын беруді жақсартуға мүмкіндік береді. Гранулятор негізден (корпустан), біліктерден, түсіру қалақшасынан, матрицадан, шайбадан, ішкі алтыбұрышты бұрандадан, серіппелі стопорлы шайбадан, гайкадан, ішкі алтыбұрышты бұрандадан, ұштіректерден, стопорлы шайбасынан, призмалық буаттан, сақинадан, бұрандадан, роликтен және тарату қалақшасынан тұрады. Жетілдірілген құрама жем грануляторының конструкциясы қарапайым және шағын. Оның конструкциясы сапалы және оңтайлы консистенциялы түйіршікті жем өндіруге мүмкіндік береді.

Автор өмірбаяны

Ж.А. Сергибаева, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

 

 

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-27

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сергибаева, Ж., Абдилова, Г., Шаменов, М., Кабулов, Б., & Еренгалиев, А. (2024). Престелген түйіршіктерді өндіру құрылғысын жетілдіру. Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР СЕРИЯСЫ, 148(3), 167–175. https://doi.org/10.32523/2616-7263-2024-148-3-167-175

Журналдың саны

Бөлім

Мақала