Геоақпараттық жүйелердiң казiргi жағдайы және инженерлiк-геологиялық iзденiстерде қолдану болашағы


Қаралымдар: 35 / PDF жүктеулері: 35

Авторлар

  • Н. Алибекова
  • C. Ахажанов

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7263-2018-122-1-23-28

Кілт сөздер:

геоақпараттық жүйелер, геотехникалық карта, геоақпараттық мәлiметтер жиынтығы, инженерлiк-геологиялық iзденiстер, бұрғылап құйылатын қадалар, қағылатын қадалар

Аңдатпа

Бұл мақалада геоақпараттық жүйелердiң негiзгi жетiстiктерi қарастырылған.
Шетел мемлекеттерiнiң геоақпараттық жүйелерiндегi зерттеу нәтиежелерi талқыланған.
Геоақпараттық мәлiметтер базасын құрудың алгоритмi көрсетiлген. Геоақпараттық

мәлiметтер базасы бағдарламасының көмегiмен салына бастаған аумақтардың инженерлiк-
геологиялық карталарын тұрғызу әдiстемесi құрылған. Астана қаласында тұрғызылған

аумақтардағы инженерлiк-геологиялық жағдайларға бағалау жасалынған. Инженерлiк-
геологиялық iзденiстер нәтиежелерi талданған және зерттелген. Негiздердiң түрлерi бойынша

Астана қаласының аумақтары аймақталған. Қадалар ұзындығын тиiмдiлеу үшiн аймақтау
картасы жасалынған. Өткiзу уақыты мен түрлерi бойынша ұсынылған геоақпараттық
жүйе және баламалы нұсқадағы инженерлiк-геологиялық iзденiстер жұмыс түрлерiнiң
салыстырмалы талдауы көрсетiлген. Төрттiк түзiлiмдер мен байырғы жыныстардың арнайы
геотехникалық карталары құрылған. Астана қаласының инженерлiк-геологиялық iзденiстер
материалдары негiзiнде «Геоақпараттық мәлiметтер жиынтығы» бағдарламасы ұсынылды.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-03-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Алибекова , Н., & Ахажанов C. (2018). Геоақпараттық жүйелердiң казiргi жағдайы және инженерлiк-геологиялық iзденiстерде қолдану болашағы. Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР СЕРИЯСЫ, 122(1), 23–28. https://doi.org/10.32523/2616-7263-2018-122-1-23-28

Журналдың саны

Бөлім

Мақала