Ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы өрт ошақтарын бақылау және алынған сигналдарды коммуникациялауда ақпараттық қорғау
Қаралымдар: 96 / PDF жүктеулері: 52
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7263-2024-149-4-104-118Кілт сөздер:
ұшқышсыз ұшу аппараттары (ҰҰА), сенсорлық датчиктер, өртті бақылау, ақпараттық қауіпсіздік, коммуникация жүйесі, шифрлау алгоритмдері, киберқауіпсіздікАңдатпа
Бұл мақалада ұшқышсыз ұшу аппараттарын (ҰҰА) сенсорлық датчиктермен жабдықтау арқылы өрт ошақтарын бақылау және коммуникация жүйесін ақпараттық қорғау туралы жазылған. ҰҰА сенсорлық датчиктермен жабдықталғандықтан, өртті бақылауда датчиктерден алынған сигналдарды орталыққа жіберу және оның коммуникация жүйесінің ақпараттық қорғалуы қарастырылады. Дала өрттері мен басқа да өрт түрлерін экологиялық апаттарға байланысты қауіптердің артуымен тиімді бақылау және басқару әдістері көрсетілген. Бұл, ҰҰА-ны өрт ошақтарын бақылауда таптырмас құралға айналдырады. Дегенмен, бұл технологияларды пайдалану деректердің жоғалу тәуекелімен және байланыстың бұзылуымен бірге келеді. Мақалада шифрлау, аутентификация және кибершабуылдан қорғауды қоса алғанда, ақпаратты беру қауіпсіздігі мен сенсорлық деректерді басқару жүйесімен біріктірудің заманауи тәсілдері талданады. Байланыс жүйесін кешенді қорғауды құру бойынша ұсыныстар беріледі, бұл дағдарыс жағдайында басқарудың сенімділігі мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. ҰҰА жүйесінің жұмыс істеуінің негізгі принциптері, соның ішінде шешім қабылдау алгоритмдері және бір желідегі бірнеше ұшқышсыз ұшу аппараттарының әрекеттерін үйлестіру сипатталған. Маршруттарды оңтайландыру, тапсырмаларды орындау тиімділігін арттыру әдістері қарастырылған. Сонымен қатар, ұшқышсыз ұшу аппараттарын сенсорлық датчиктермен жабдықтау арқылы орман өрттерін бақылау тиімділігі айтылады. ҰҰА интегралды бағдарламалық кешенінің интеллектуалды басқару жүйесі берілген. ҰҰА аудиосигнал арқылы басқаруда ChaCha20 деректерді беру қауіпсіздігін қамтамасыз етудің сенімді механизмінің алгоритм шифрлеу әдістері ұсынылған.