Шойын иінді білік мойнының балқыма қабатының физика-механикалық қасиеттерін зерттеу


Қаралымдар: 85 / PDF жүктеулері: 47

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7263-2024-149-4-231-243

Кілт сөздер:

кең қабатты балқымалау, иінді білік, микроструктура, тозу, микроқаттылық, орташа инелі мартенсит, балқымалау сымы, темір ұнтақ

Аңдатпа

Қазіргі кезде шет ел автокөліктерінде шойын иінді біліктері көбірек қолданылуда және оларды қалпына келтіру жоғары беріктігі бар шойынның ерекшеліктеріне қарай қиындықтар тудырады. Сондықтан, автокөліктер қозғалтқыштардың шойын иінді біліктерін қалпына келтіру әдісін дамыту қазіргі кезде өзекті міндет болып саналады. Оны шешу үшін иінді біліктерді қалпына келтірудің жоғары тиімді технологиясын жетілдіруге, сондай-ақ жоғары энергетикалық көрсеткіштермен балқымалау әдісін қолдану теориясы мен практикасы туралы ғылыми білім саласын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Бұл мақалада темір ұнтақтары мен 15-ГСТЮЦА балқылау сымдарын доғаға енгізе отырып, шойын иінді біліктердің тозған мойындарын қалпына келтіру технологиясы ұсынылған, бұл иінді біліктердің мойындарының тозу төзімділігі мен беріктігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, тозған бөлшектерді қалпына келтіру тәсілдерімен салыстырып, осы технология бойынша қалпына келтірілген шойын иінді біліктердің мойындарындағы балқыма қабаттарының микроструктурасы зерттелген.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Каржаубаев, А., Тойлыбаев, А., Найманова, Г., Казенова, А., & Асылов, Г. (2024). Шойын иінді білік мойнының балқыма қабатының физика-механикалық қасиеттерін зерттеу. Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР СЕРИЯСЫ, 149(4), 231–243. https://doi.org/10.32523/2616-7263-2024-149-4-231-243

Журналдың саны

Бөлім

Мақала

Категориялар