Логистикалық басқару жүйесіндегі рециклинг
Қаралымдар: 91 / PDF жүктеулері: 65
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7263-2024-149-4-293-307Кілт сөздер:
логистика, экология, қалдықтар, пеллеттер, қайта өңдеу, қайталама шикізат, кері ағындар, рециклингАңдатпа
Логистикалық басқару жүйесінде рециклингті қолдану қалдықтарды қоқыс тастайтын жерге тастаудың орнына оларды қайталама шикізат материалдары немесе энергия ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін қалдықтарды басқарудың тиімді және тұрақты жүйесін құруға және қолдауға мүмкіндік береді. Өндірушілер, импорттаушылар, сондай-ақ нарыққа рециклинг тауарларын енгізетін сауда мекемелері рециклинг процесіне қатысатын субъектілер болып табылады. Әдісі: статистикалық талдау, жүйелі талдау, синтез, жалпылау, салыстыру, әдеби дереккөздерді талдау.
Қалдықтарды кәдеге жарату проблемасы қазіргі уақытта бүкіл әлемдегі ең өзекті проблемалардың бірі болып табылады. Өнеркәсiптiк өндiрiстiң қалдықтары өнеркәсiптiң әртүрлi салаларындағы адамның өндiрiстiк қызметiнiң нәтижесiнде пайда болады. Қалдықтарды кәдеге жарату проблемаларын бастапқы немесе өзге мақсаттағы субстанцияны немесе материалды алу мақсатында өндіріс қалдықтарындағы субстанцияларды немесе материалдарды қайта түрлендіру болып табылатын рециклинг шешуге арналған.
Кәсіпорындардың қалдықтарын кәдеге жарату мен қайта өңдеудің қаралған процестері осы саладағы проблемалардың бір бөлігі ғана болып табылады. Экологиялық жобалардың ауқымы айтарлықтай кең және логистика барлық жерде пайда болады, себебі логистика ресурстарды ұтымды пайдалану қағидатына негізделеді.