СББ станоктарында сұр шойынды өңдеу: мәселелер, математикалық модельдеу
Қаралымдар: 136 / PDF жүктеулері: 51
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7263-2025-151-2-77-92Кілт сөздер:
сұр шойын, кедір-бұдырлық, кесу режимдері, сандық бағдарламамен басқарылатын (СББ) токарь станогы, математикалық модельдеу, микроқұрылымдық талдауАңдатпа
Мақалада сандық бағдарламамен басқарылатын (СББ) токарь станогында сұр шойын СШ20 әзірленген бөлшекті механикалық өңдеу, беттің кедір-бұдырлығы, микроқұрылымындағы өзгерістеру ерекшеліктері ескерілген кешенді зерттеу жүргізілген. Зерттеу барысында механикалық өңделген беттің кедір-бұдырлығы (Ra), Виккерс бойынша қаттылығы және сұр шойынның құрамындағы графиттік қосындылар сипаттары өлшенді. Жүргізілген зерттеулер кесу жылдамдығы 3000 об/мин болғанда өңделген бетте цементитті ақ аймақтың қалыптасатының және қаттылықтың 261,5 НВ жоғарылайтынын көрсетті. Ал төмен жылдамдықта өңделген беттерде графиттің айтарлықтай өзгеруі байқалмайды, яғни ферритті-перлитті құрылымы сақталған. Регрессиялық сараптаманы қолдана отырып жүргізілген математикалық моделдеу беттің кедір-бұдырлығы мен қаттылығына әсер ететін маңызды тенологиялық факторларды анықтады. Тұрғызылған математикалық модель өңдеу режимдеріне байланысты беттің кедір-бұдырлығын болжауға және өңдеудің технологиялық үрдісін тиімділеуге мүмкіндік береді. Алынған нәтижелер жоғары қаттылықпен және тозуға төзімді беттерді әзірлеу үшін сұр шойынды өңдеу кезінде материалдың микроқұрылымы мен қасиеттерін мақсатты басқару мүмкіндігін көрсетеді. Бұл әсіресе қарқынды үйкеліс және жоғары жүктеме жағдайында жұмыс істейтін айналу денесі тәрізді (біліктер) бөлшектерді әзірлеу үшін өзекті. Жұмыста ұсынылған әдістемелер термиялық өңдеу шығындарын азайтуға және дайын өнімнің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.







