Қауіпсіздік пен тиімділіктің ашықтығын қамтамасыз етудегі блокчейннің артықшылықтарын зерттеу
Қаралымдар: 121 / PDF жүктеулері: 58
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7263-2025-152-3-65-78Кілт сөздер:
блокчейн, ашықтық, қауіпсіздік, тиімділік, децентрализация, өнімді бақылау, жеткізу тізбегін басқару, цифрландыру, деректерді қорғау, шығындарды азайту, логистикадағы инновациялар, Қазақстан, смарт-келісімшарттар, цифрлық экономика, нормативтік база, технологияны енгізуАңдатпа
Соңғы жылдары блокчейн технологиясы әртүрлі үдерістердің ашықтығын, қауіпсіздігін және тиімділігін қамтамасыз ету мүмкіндіктеріне байланысты кең назар аудартуда. Бұл мақалада блокчейнді логистика саласында қолданудың артықшылықтары қарастырылады. Атап айтқанда, операциялық ашықтықты арттыру, деректер қауіпсіздігін күшейту және жабдықтау тізбегіндегі жалпы тиімділікті жақсарту мәселелері талданады. Зерттеуде блокчейн технологиясының негізгі сипаттамалары — децентрализация, жазбалардың өзгермейтіндігі және смарт-келісімшарттарды пайдалану — шығындарды азайту мен қатысушылар арасындағы сенімді арттыруға қалай ықпал ететіні сараланады. Сонымен қатар, мақалада халықаралық тәжірибеге салыстырмалы шолу жасалып, Қазақстанның цифрлық экономикасындағы блокчейнді енгізудің қазіргі жағдайы бағаланады және масштабталу, жүйелермен біріктіру, құқықтық белгісіздік сияқты негізгі кедергілер көрсетіледі. Блокчейнді дамыту үшін нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу, білім беру бастамаларын енгізу және пилоттық жобаларды қолдау сияқты ұсыныстар берілген. Сондай-ақ, логистика саласында блокчейнді енгізуге қатысты нақты жағдайларды (кейстік зерттеулерді) және эмпирикалық бағалауды қамтитын болашақ зерттеу бағыттары ұсынылған.






