Гидравликалық цилиндрлердің негізгі ақауларын талдау
Қаралымдар: 13 / PDF жүктеулері: 15
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7263-2025-150-1-265-277Кілт сөздер:
Гидравликалық цилиндр, ақаулар, сұйықтықтың ағуы, тозу, жөндеу, тығыздағыш элементтер, техникалық қызмет көрсету, тоқтап қалу, өндіріс тиімділігіАңдатпа
Гидравликалық цилиндрлер өнеркәсіптің әртүрлі салаларында және құрылыста кеңінен қолданылатын гидравликалық жүйелердің ажырамас бөлігі болып табылады. Алайда, олар уақыт өте келе тозуға және ағып кетуге бейім, бұл олардың өнімділігінің төмендеуіне және жабдықтың тоқтап қалуына әкелуі мүмкін.
Мақалада негізгі назар екі негізгі топқа бөлінген гидравликалық цилиндрлердің ақауларын жіктеуге аударылады: тозу және механикалық әсерге байланысты ақаулар. Бірінші топ цилиндрдің әртүрлі аймақтарынан гидравликалық сұйықтықтың ағып кетуін қамтиды, ал екіншісі өзектің, корпустың, құлақтардың, поршеньдердің және бекіткіштердің механикалық зақымдануын қамтиды.
Мақалада көрсетілген статистикалық деректер гидравликалық цилиндрлердің істен шығуының нәтижесінде кәсіпорынның қаншалықты пайда жоғалтатынын көрсетеді және бұл мәліметтер өз кезегінде гидравликалық цилиндрдің жұмысқа қабілетті жағдайда болуы кәсіпорын үшін қаншалықты маңызды фактор екенін айқындай түседі.
Тығыздағыштарды ауыстыруды, өзек пен корпусты қалпына келтіруді, сондай-ақ істен шығудың алдын алу шараларын қоса алғанда, жөндеудің тиімді әдістері анықталды. Уақытылы техникалық қызмет көрсету және заманауи жөндеу технологияларын қолдану жабдықтың сенімділігін арттыруға, тоқтап қалу санын азайтуға және өндірістік процестердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретіні анықталды.