Ғимараттарды бейімдеп қайта құру және олардың жаңа функцияларға мүмкіндіктері (Діни ғимараттар мен құрылыстар мысалында)
Қаралымдар: 6 / PDF жүктеулері: 4
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7263-2025-152-3-79-98Кілт сөздер:
бейімдеу, реконструкция, діни ғимараттар мен құрылыстар, шіркеу, функционалдық тағайындалуы, экономикалық фактор, халықаралық тәжірибеАңдатпа
Мақалада діни ғимараттар мен құрылыстардың жаңа функционалдық мүмкіндіктерін ескере отырып, олардың бейімделуіне талдау жасалады. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты мен концепциясы заманауи архитекторлар мен инженерлер жүзеге асырған діни ғимараттарды бейімдеу жобаларын талдауға бағытталған. Мақалада келтірілген жұмыстар мен тәсілдер архитекторлар, инженерлер, реставраторлар және қала құрылысшыларына діни ғимараттар мен құрылыстарды реставрациялау, реконструкциялау және қайта мақсаттау жобаларын жоспарлауда қолдануға болады. Зерттеу барысында АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция, Нидерланды және басқа да елдердегі христиан шіркеулері ғимараттарының бейімделу мысалдары келтірілген. Зерттеу тарихи ғимараттардың қазіргі заманғы қажеттіліктерге сәтті бейімделе алатынын көрсетеді, сонымен қатар олардың тарихи және мәдени мұрасын сақтай отырып, бұл қала дамуының тұрақтылығына маңызды әсер етеді. Шіркеу ғимараттарын жаңа функциялар үшін (мұражайлар, көрме залдары, концерт залдары, кітапханалар және т.б.) бейімдеу әлеуметтік өзара әрекеттесу, мәдени алмасу және экономикалық дамуға мүмкіндік береді. Зерттеу сакральды кеңістіктердің трансформациясын және олардың күнделікті өмірге интеграциялануын терең түсінуге көмектеседі, архитектуралық теорияның шекараларын кеңейтеді.