Жоғары температурада жұмыс істейтін көлік техникасының көлік техникасының гидравликалық жетегінің салқындату жүйесінің жұмыс тиімділігін жоғарылату
Қаралымдар: 90 / PDF жүктеулері: 78
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7263-2025-151-2-222-236Кілт сөздер:
колошникті өңдеуге арналған машина, идравликалық жетек, салқындату жүйесі, ауа радиаторы, сұйық радиатор, салқындатқыш агент R134a, металлургия, жылу алмасу, салқындату тиімділігі, жабдықтың сенімділігіАңдатпа
Бұл мақалада колошникті өңдеуге арналған машинаның құрылымдық ерекшеліктері қаралады, сондай-ақ ауамен, сұйықтықпен салқындатуды және R134a салқындату агентін пайдалануды үйлестіретін гидравликалық жетекті салқындатудың құрамдастырылған жүйесі ұсынылады. Басты назар қолданыстағы салқындату жүйелерін талдауға, жаңа құрылымды әзірлеуге және оның тиімділігін бағалауға аударылды. Ұсынылған салқындату жүйесі жабдықтың сенімділігі мен ұзақ мерзімін арттыруға, энергия шығындарын азайтуға және экологиялық көрсеткіштерді жақсартуға бағытталған. Зерттеу металлургияда колошникті өңдеуге арналған машинаның гидравликалық жетегінің салқындату жүйесін әзірлеуге және оңтайландыруға арналған. Тақырыптың өзектілігі металлургия өндірісіне жоғары температуралар мен қарқынды жүктемелер жағдайында жабдық жұмысының тиімділігі мен сенімділігін арттыру қажеттілігіне негізделген.






