Сәулет ескерткіштерін қорғау үшін резеңке топырақты қолдана отырып геотехникалық сейсмикалық оқшаулаудың инновациялық шешімдері


Қаралымдар: 80 / PDF жүктеулері: 58

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7263-2025-151-2-262-280

Кілт сөздер:

геотехникалық сейсмикалық оқшаулау, резеңке мен топырақтан тұратын композит, мәдени мұра нысандарын қорғау, зертханалық жағдайдағы эксперименттік сынақтар, стандартты тығыздау құрылғысы, акселерометр көмегімен вибрацияны талдау, сейсмикалық әсер кезіндегі үдеудің амплитудасы

Аңдатпа

Мақалада сәулеттік ескерткіштерді сейсмикалық әсерлерден қорғау мақсатында геотехникалық сейсмооқшаулау әдістерін қолданудың шешімдері қарастырылады. Бұл тәсілдің артықшылықтарына ерекше назар аударылған, атап айтқанда тарихи ғимараттардың конструкциялық тұтастығын сақтау және олардың түпнұсқалығын жоғалтпау, конструкциялық жүйеге араласуды барынша азайту, сондай-ақ қолданылатын материалдардың ұзақ мерзімді тұрақтылығы. Сейсмооқшаулау бойынша негізгі әдістер мен технологиялар талданған, соның ішінде оқшаулаушы қабаттарды, демпферлік элементтерді, амортизациялық жүйелер мен іргетас төсеніштерін орнату тәсілдері. Тарихи- сәулеттік маңызы бар нысандарда сейсмооқшаулау технологияларын сәтті қолдану мысалдары келтірілген. Сейсмикалық белсенділігі жоғары өңірлерде мәдени мұраны сақтау үшін заманауи технологиялық шешімдердің маңыздылығы ерекше атап өтіледі.
Зерттеудің мақсаты – геотехникалық сейсмооқшаулаудың сәулеттік мұраны сақтаудағы тиімді құрал ретінде қолдану мүмкіндігін көрсету. Эксперименттік зерттеу нәтижелері

көрсеткендей, оқшаулаушы қабат ретінде топырақ пен резеңке үгіндісінен тұратын композициялық материалды (грунторезина) пайдалану сейсмикалық тербелістердің амплитудасын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде ғимараттардың тұрақтылығы мен пайдалану сенімділігін арттырады. Геотехникалық сейсмооқшаулау сейсмикалық тұрақты құрылыс саласындағы болашағы зор бағыт ретінде қарастырылады және техникалық, геологиялық және экономикалық факторларды ескеретін кешенді көзқарасты талап етеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ниетбай S., Бесимбаев Y., Ташмуханбетова I., Толеубаева S., & Тлеубаева A. (2025). Сәулет ескерткіштерін қорғау үшін резеңке топырақты қолдана отырып геотехникалық сейсмикалық оқшаулаудың инновациялық шешімдері. Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР СЕРИЯСЫ, 151(2), 262–280. https://doi.org/10.32523/2616-7263-2025-151-2-262-280

Журналдың саны

Бөлім

Мақала

Категориялар