Цилиндрлік бөлшекті 3d басып шығару үшін аз инвестициямен WAAM платформасын пайдалану мүмкіндігін зерттеу


Қаралымдар: 15 / PDF жүктеулері: 7

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7263-2025-153-4-83-95

Кілт сөздер:

WAAM технологиясы, көміртекті болат, дәнекерлеу параметрлері, цилиндрлік бөлшек, микроқұрылым

Аңдатпа

Wire Arc Additive Manufacturing (WAAM) - бұл доғалық дәнекерлеу
процесіне негізделген металл аддитивті өндіріс технологиясы, ол сымды электродты балқыту арқылы қабаттап металл бөлшектерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Заманауи зерттеудің басым бөлігі роботталған дәнекерлеу жүйесін пайдаланады. Бұл зерттеуде аз инвестициялы және қарапайым конфигурация негізінде құрастырылған WAAM жүйесін қолданып, цилиндрлік бөлшектерді
жасаудың мүмкіндігі зерттелді. Құрылғы ретінде айналмалы үстел мен тік бағыттағы Z-ось қозғалыс модулімен үйлесімі арқылы жүзеге
асырылды. Құю процесі GMAW (Gas Metal Arc Welding) әдісімен жасалынды. Сымды электрод ретінде нарықта жиі кездесетін ER70S-6 аз көміртекті болат қолданылды.Және 100% аргон қорғаныш газын пайдалану арқылы жүргізілді. Басылып шыққан цилиндрлік бөлшек
кесіліп, ажарлау-жылтыратудан
кейін микроскоп арқылы микроқұрылымдық талдау жүргізілді. Микроқұрылымда дәндер ұсақ, изотропты формада таралған, ал қабатаралық шекараларда ақаулар мен тотығу іздері байқалмады. Бұл жылудың біркелкі бөлінгенін және қорғаныш ортаның дұрыс таңдалғанын көрсетті. Алынған нәтижелер қарапайым WAAM жүйесін қолдана отырып, жоғары сапалы металл компоненттерін жасауға болатынын және бұл әдістің шағын өндірістер мен зертханалар үшін қолжетімді шешім бола алатынын дәлелдейді.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-22

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Кудиярбек, Қ., Нұғман, Е., Мустафа, А. ., Сағынтай, . М. ., & Дюсебаев, И. . (2025). Цилиндрлік бөлшекті 3d басып шығару үшін аз инвестициямен WAAM платформасын пайдалану мүмкіндігін зерттеу. Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР СЕРИЯСЫ, 153(4), 83–95. https://doi.org/10.32523/2616-7263-2025-153-4-83-95

Журналдың саны

Бөлім

Мақала

Категориялар