Құрылыс саласында еңбек қауіпсіздігін компьютерлік көру және дрондар арқылы арттыру
Қаралымдар: 21 / PDF жүктеулері: 4
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7263-2025-152-3-201-214Кілт сөздер:
дрон, ЖИ, aлкоголь тесті, QR коды, ЖҚҚАңдатпа
Дулыға және көзілдірік сияқты жеке қорғану құралдарын (ЖҚҚ) пайдалануға белгіленген талаптарға қарамастан, құрылыс алаңдарында бақылаудың дәстүрлі әдістері қауіпсіздік нормаларын тиісті деңгейде сақтауды қамтамасыз етпейді, бұл жарақат алудың өсуіне әкеледі. Жобаның мақсаты – компьютерлік көру технологияларын, машиналық оқытуды және дрондарды пайдалана отырып, тұлғаны бақылаудың интеграцияланған жүйесін, ЖҚҚ бар-жоғын және алкоголь деңгейін бақылауды автоматты түрде тексеру. Жүйе бет-әлпетті тануды жүзеге асырады, дулыға мен көзілдіріктің болуын бақылайды, сондай-ақ жұмысшылардың үздіксіз мониторингін қамтамасыз ете отырып, қауіпті мінез-құлық пен алкогольдік мас болу белгілерін анықтайды. Бұл қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай жақсартуға, жазатайым оқиғалардың санын азайтуға және еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде. Әзірлеу құрылыстан бастап тау-кен өнеркәсібіне, мұнай-газға дейін әртүрлі салаларға бейімделетін болады. Жобаның жоғары практикалық және әлеуметтік-экономикалық маңызы бар, Қазақстанның ғылыми-техникалық әлеуетін дамытуға, IT және автоматтандыру саласында жаңа жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ ғылым мен өндірістің өзара әрекеттесуін нығайтуға ықпал етеді.