Сұйықтық динамикасын есептеуді зерттеу және катетер білігіне Луер фитингін орнатудың ұсынылған процедурасын эксперименттік тексеру
Қаралымдар: 6 / PDF жүктеулері: 3
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7263-2025-152-3-215-230Кілт сөздер:
Луер втулкасы, Катетерлер, CFD, Инъекциялық құю, Медициналық құрылғылар өндірісі, ЭкструзияАңдатпа
Бұл зерттеудің мақсаты - экструдталған катетердің шафтына Луер фитингтері мен қосылымдарын өндірудің тиімді процедурасын әзірлеу және жобалау. Дәстүрлі қалыптаудан (овермолдингтен) айырмашылығы, бұл технология Луер фитингтерін катетерден бөлек инъекциялық қалыптау процесін қамтиды, содан кейін оларды жабысқақ және ультракүлгін сәулелену арқылы экструдталған катетердің шафтына қосу болып табылады. Ұсынылған әдістеме соңғы өнімнің сапасы мен өндіріс тиімділігін бағалауға баса назар аудара отырып, қалыптау машинасы мен қолмен құрастыру арқылы эмпирикалық түрде бағаланады. Нәтижесінде, фитингтерді дайындаудың және катетерге қосудың дәстүрлі әдісінен айырмашылығы (овермолдингтен), ұсынылған әдіспен алынған Луер фитингтері өндіріс процесінде толымсыз құйылу ықтималдығы төмен, катетердің люменін қыспайды, өйткені олар шөгуге ұшырамайды және бұл технология жұмыс күші бойынша 4,9 %-ға тиімді. Луер фитингінің дизайны Solidworks сияқты 3D модельдеу құралдары арқылы жасалды және қалып ішіндегі полимердің қысымы мен балқу жылдамдығының есептеулері Ansys Polyflow бағдарламалық құралында соңғы элементтерді талдау арқылы талданды. Шөгудің жоқтығы, еңбек өнімділігі және түпкілікті өнімнің ISO 10555-1 (2021) тамырішілік катетерлер стандарттарына сәйкестігі тәжірибе жүзінде расталды.