ЖАРИЯЛАУ ЭТИКАСЫ

"Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Техникалық ғылымдар және технологиялар сериясы» журналының редакциялық саясаты жарияланым этикасы жөніндегі комитеттің журнал редакторларына арналған (Committeeon Publication Ethics: COPE, promoting integrity in scholarly research and its publication / COPE: Committee on Publication Ethics) ғылыми жарияланымдар этикасы қағидаттары жөніндегі нұсқаулықта баяндалған, ең басты мынадай талаптарды қамтитын ғылыми мерзімді басылымдардың дәстүрлі этикалық қағидаттарына бағдар береді:

 

Авторлар үшін:

Мақалаларды редакцияға жіберу авторлардың баспагер, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, журналда мақалалар басып шығару және оларды кез келген шет тілінде қайта басып шығару құқығына келісімін білдіреді. Қолжазбаны редакцияға жібере отырып, автор(лар) ешкімнің авторлық құқығын бұзбағанына кепілдік береді. Авторлар журнал баспагеріне, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне шектеусіз мерзімге айрықша құқықтар береді:

  • Журнал даналарының таралымын шектемей, туындыны қайта шығару құқығы (туындыны жариялау, жариялау, қайталау, тираждау немесе өзге де көбейту), туындыны кез келген тәсілмен тарату құқығы. Бұл ретте көбейту кезінде туындының әрбір данасында туынды авторының(ларының) аты-жөні қамтылатын болады;
  • туындыға қосу құқығы;
  • барша оқырман назарына жеткізу құқығы;
  • метадеректерді пайдалану құқығы (атауы, автордың (құқық иеленушінің) аты-жөні, аңдатпалар, библиографиялық материалдар, туындының толық мәтіні және т. б.). Жалпы жұрт назарына тарату және жеткізу, өңдеу және жүйелеу, сондай-ақ, әртүрлі деректер базасы мен ақпараттық жүйелерге, оның ішінде жарияланған туындының толық мәтінді нұсқаларына қосу арқылы алынған туындылар.
  • Авторлар туындыны қолдану құқығының аясын шектемеуге келісім береді.
  • Автор(лар) сондай-ақ, журнал баспагеріне мерзімі бойынша (тегі, аты, әкесінің аты, білімі туралы мәліметтер, жұмыс орны және атқаратын қызметі туралы мәліметтер) шектеусіз өзінің дербес деректерін сақтау және өңдеу құқығын береді. Дербес деректер оларды әртүрлі деректер базалары мен ақпараттық жүйелерде сақтау және өңдеу, оларды талдамалық және статистикалық есептілікке енгізу, ғылым, әдебиет және өнер туындылары объектілерінің дербес деректермен негізделген өзара байланысын құру және т.б. үшін беріледі.
  • Автор (лар) зияткерлік меншік объектілерін, авторлық құқық объектілерін ғылыми мақалада заңсыз пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес толық көлемде жауап береді.
  • Автор (лар) журнал баспагерінің шығарманы плагиатқа тексеруге келісімін береді.
  • Автор (лар) жіберілетін мақала бұрын еш жерде жарияланбағанын, жіберілмегенін және басқа ғылыми басылымдарға жариялау үшін жіберілмейтінін растайды.
  • Автор журнал туралы жалпы ақпаратпен, мақалаларды қарастыру тәртібімен, авторларға арналған нұсқаулықпен, жарияланым этикасын қамтитын журналдың редакциялық саясатымен танысты.

Ұсынылатын мақалаларға қойылатын талаптар. Мақала:

  • редакцияның талаптарына сәйкес рәсімделуі тиіс,
  • мақала жөнелту кезінде оның жарияланбауы немесе басқа басылымның қарауында болмауы тиіс,
  • түпнұсқа зерттеулердің нәтижелері болуы қажет,
  • тек автордың/авторлық ұжымның жұмыс нәтижелерінің қамтылуы (басқа тұлғалардың қосылуына жол берілмейді). Мақала жіберілген кезде барлық авторлар осы журналдағы жарияланыммен келіседі және мақалада авторларды жариялау тәртібіне қарсы емес екені ескеріледі,
  • дәйексөз тізімінде тек зерттеу барысында пайдаланылған рецензияланған дереккөздер болуы керек,
  • мақалада барлық пайдаланылған дереккөздер (соның ішінде, автордың/авторлық ұжымның жұмыстары) көрсетілуі тиіс.

 

Рецензенттер үшін:

  • Журналда жарияланатын мақалалардың сапасын қамтамасыз ету мақсатында екіжақты "жабық" рецензиялау рәсімі пайдаланылады. Рецензент үшін рецензиялау объектісі тек алынған зерттеулердің нәтижелері болуы керек.
  • Рецензиялауға түскен әрбір қолжазба құпия құжат ретінде қарастырылады. Рецензент өз жарияланымдарында жіберілген қолжазбадағы материалдарды пайдалана алмайды. Рецензент материалды үшінші тұлғаларға тек бас редактордың рұқсатымен ғана жібере алады,
  • Рецензент редакцияға жұмыстың объективті бағасын ұсынуы керек, қажет болған жағдайда жіберілген материалды жақсарту нұсқаларын ұсынуы қажет.
  • Егер рецензент ол материал тақырыбыныңмаманы болмаса, редакцияға хабарлап, материалды рецензиялаудан бас тартуы қажет.

 

Редакторлар үшін:

Бас редактор және редакция алқасының мүшелеріне келесідей міндеттемелер жүктеледі:

  • мақалалардың сапалық құрамына ерекше назар аудару, журналдың редакция алқасының отырыстарына қатысу, мақала бойынша рецензенттердің шешімдерімен келісім (немесе келісім емес) бойынша өзінің дәлелді шешімін айту, журнал нөмірлерінің мазмұнын анықтау бойынша шешім қабылдау,
  • авторлардың географиялық әртүрлілігін кеңейту бойынша жұмыс жүргізу, әртүрлі ұйымдар мен елдерде жұмыс істейтін мамандарды жариялауға шақыру,
  • автордың/авторлық ұжымның жынысына, ұлтына, дініне және басқа да жеке қасиеттеріне қарамастан қолжазбалардың зияткерлік мазмұнын бағалау.
  • қолжазбамен байланысты авторлармен және ұйымдармен бәсекелестік, бірлескен және басқа да өзара іс-қимыл мен қарым-қатынас салдарынан қолжазбаларда кездесін мүдделер болған жағдайда қарастырмау.

 

Бас редактор:

  • техникалық талаптарға сәйкестігі бойынша бастапқы іріктеуден өткен әрбір келіп түскен мақала бойынша рецензенттерді (тиісті тақырып бойынша ғалымдар немесе мамандар) анықтайды,
  • рецензенттердің пікірлері мен журналдың редакция алқасының отырысында ағымдағы нөмірдің мазмұнын анықтау бойынша материалды талқылау негізінде түскен материалды жариялау туралы түпкілікті шешім қабылдайды.

 

Редакция:

Журнал редакциясы мақала авторларымен тікелей жұмыс істейді және ғылыми зерттеу нәтижелерін жариялау бойынша авторларға қызмет көрсету агенттіктерімен жұмыс жүргізбейді.

Редакция авторлардың, редакторлар мен рецензенттердің этикалық емес мінез-құлқын анықтау кезінде қысқа мерзімде шешім қабылдауға міндетті. Авторлардың әдепке жат қылықтарына авторлар құрамын бұрмалау, жалған ғылыми мәтіндерді жариялау, оларды бұрмалау, дәйексөз келтірумен айла-шарғы жасау, заңсыз қарыз алу (плагиат), материалды басқа басылымдарға қатар беру жатады.

Қолжазбаны қарау немесе оны басып шығару алдында дайындау процесінде автордың(лардың) әдепке жат мінез-құлқы анықталған кезде редакция қолжазбаны одан әрі қараудан алып тастауға және автормен ынтымақтастықты тоқтатуға құқылы.Автордың әдепке жат мінез-құлқы оның мақаласы жарияланғаннан кейін анықталған жағдайда (қатар жариялау, авторлық құқықтарды бұзу, плагиат және т.б. фактілері анықталған) редакция автор (лар) дың әдепке жат мінез-құлқы туралы басқа журналдарды (мақала қатар жарияланған) хабардар ете отырып, журнал сайтынан да, сондай-ақ, мұрағаттау және ғылыми индекстеу базаларынан да мақаланы қайтару (алып тастау, кері қайтарып алу) туралы шешім қабылдауға құқылы. Редакция жарияланымға байланысты күрделі мәселелер (автордың әдепке жат мінез-құлқы, қателіктер және т.б.) анықталмаса, жарияланымды жою (ретрагациялау) туралы негізсіз шешімдер қабылдамауға міндетті.

Журнал рецензенттері мен редакторларының әдепке жат қылықтарына мақала мәтіндерін авторлардың келісімінсіз басқа журналдарға беру, авторлар материалдарын үшінші тұлғаларға беру, авторлық құқықтарды, редакциялық процестердің құпиялылығы қағидатын бұзу, сондай-ақ, авторлармен және қолжазбамен байланысты ұйымдармен бәсекелестік, бірлескен және басқа да өзара іс-қимылдар мен қатынастар салдарынан мүдделердің болуына байланысты материалдарды қолдау жатады.

Қарастырылған қолжазбаларға немесе жарияланған материалдарға қатысты шағымдар туындаған жағдайда редакция алқасы тиісті жауап шараларын қабылдауға міндетті: ең алдымен, мақала авторынан түсініктеме сұралады. Тергеу автордан қанағаттанарлықсыз жауап алған жағдайда ғана жүргізіледі.

Жоғарыда айтылмаған авторлардың, редакторлар мен рецензенттердің этикалық мінез-құлық нормаларын бұзудың ықтимал жағдайлары жариялау этикасы жөніндегі комитеттің ғылыми жарияланымдар этикасы қағидаттары жөніндегі нұсқаулықтың (Committeeon Publication Ethics: COPE, promoting integrity in scholarly research and its publication / COPE: Committee on Publication Ethics) негізінде шешілетін болады.

Редакция бас редакторға, редакция алқасы мен редалқа мүшелеріне, рецензенттерге журналда жариялауға мүмкіндік береді, бірақ олар өз ережелерін қолдана алмайды. Барлық мақалалар, соның ішінде, арнайы басылымдардың жауапты редакторларының мақалалары да рецензиялау рәсімінен өтеді және журналдың редакция алқасының отырысында қарастырылады.

Жарияланған мақалаларда қателер (формулаларда, техникалық себептер бойынша көрсеткіштерде) анықталған жағдайда түзетулер туралы ақпарат келесі нөмірлерде орналастырылуы мүмкін.