Екі параметрлі серпімді негіздегі арқалықтардың иілуін талдаудың қарапайым әдісі


Қаралымдар: 17 / PDF жүктеулері: 4

Авторлар

  • Ахажанов Сунгат Беркинович

DOI:

https://doi.org/10.32523/3136-3385-2026-155-2-65-79

Кілт сөздер:

арқалық, тік жылжу, майысу, иілу моменттері, көлденең күш, серпімділік модулі, кернеулі деформацияланған күй

Аңдатпа

Бұл жұмыста екі параметрлі серпімді негіздегі арқалықты есептеудің қарапайым әдісі қарастырылады. Ұсынылған тәсіл арқалықтың негізбен механикалық өзара әрекеттесу ерекшеліктерін ескеруге және конструкцияның кернеулі-деформацияланған күйін жеткілікті дәлдікпен сипаттауға мүмкіндік береді. Әзірленген әдіс арқалық бойындағы тік жылжуларды, иілу моменттерін, көлденең күштерді, сондай-ақ нормалдық және жанама кернеулердің таралуын анықтауға мүмкіндік беретін жетілдірілген математикалық модельді қолдануға негізделген. Жүргізілген теориялық талдау нәтижесінде екі параметрлі серпімді негіздегі арқалықтың кернеулі-деформацияланған күйінің негізгі сипаттамаларын сипаттайтын аналитикалық тәуелділіктер алынған. Негіздің қатаңдығын сипаттайтын параметрлердің әртүрлі мәндері үшін тік жылжулар есептеліп, бұл негіздің механикалық қасиеттерінің конструкцияның деформациялануына әсерін анықтауға мүмкіндік берді. Майысу мен иілу моменттерінің таралуы арқалық аралығының ортасына қатысты симметриялы, ал көлденең күштер мен жанама кернеулердің таралуы антисимметриялы екені анықталды. Серпімді негіздің қатаңдылығы артқан сайын майысудың азаятындығы, ал ішкі күштердің таралу сипаты сақталатыны көрсетілді. α<1 жағдайына ерекше назар аударылып, бұл кезде арқалықтың кернеулі-деформацияланған күйінің өзіндік ерекшеліктері айқын байқалатыны анықталды. Алынған нәтижелер ұсынылған әдістің дұрыстығын растап, оның екі параметрлі серпімді негіздермен әрекеттесетін арқалық құрылымдарын есептеуде тиімді екенін көрсетеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-07-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сунгат Беркинович, А. . (2026). Екі параметрлі серпімді негіздегі арқалықтардың иілуін талдаудың қарапайым әдісі. Eurasian Journal of Applied Engineering and Technology (EJAET), 155(2), 65–79. https://doi.org/10.32523/3136-3385-2026-155-2-65-79

Журналдың саны

Бөлім

Құрылыс

Категориялар