Мұнай айдайтын станцияны басқарудың автоматтандырылған жүйесін жетілдіру
Қаралымдар: 147 / PDF жүктеулері: 178
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-7263-2022-138-1-15-22Кілт сөздер:
басқару жүйесі, Smart жүйе, SCADA, датчик, сигналАңдатпа
Технологиялық процестерді автоматтандыру жұмыс барысын жақсарту мен жақсы нәтиже алудың бірден-бір көзі болып табылады. Кез-келген өнеркәсіп нысандары, соның ішінде пайдаланыстағы, әлі іске қосылмаған белгілі бір деңгейде автоматтандыру құралдарымен жабдықталады. Технологиялық процесті басқарудың тиімді автоматтандырылған жүйесін ұйымдастыру өте күрделі тапсырмалардың бірі екені белгілі. Кәсіпорындардың тиімділігін ілгерілендірудің негізгі тәсілдері өндірісті оптимизациялау мен жетілдіру, өндіріс қалдықтарын және энергия тасушы шығынын технологиялық тұрғыдан азайту, басқару шешімдерін қабылдау үшін ақпаратты алу жылдамдығы мен нақтылықты жоғарылату болып табылады. Мұнай айдау станциясының автоматтандырылған жүйесі нақты уақыт көлемінде жүйеішілік жұмысын әртүрлі жұмыс режимінде тоқтату, іске қосу мен мұнай өндірудің технологиялық үдерістерін басқаруға арналған. Жұмыста мұнай өндейтін станцияны басқарудың автоматтандырылған жүйесін жетілдіру қарастырылған.