Әр текті материалдарды үйкеліспен дәнекерлеу әдісінің технологиялық мүмкіндігін зерттеу


Қаралымдар: 146 / PDF жүктеулері: 161

Авторлар

  • К.Т. Шеров С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • Т.Г. Насад Ю. Гагарин атындағы Саратов мемлекеттік техникалық университеті
  • Н.Б. Абишева А. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті
  • А.Б. Есиркепова А. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті
  • А.Б. Ержанова С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
  • К.И. Имашева А. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-7263-2022-141-4-63-73

Кілт сөздер:

үйкеліспен дәнекерлеу, әр текті материалдар, үйкеліспен дәнекерлеу түрлері, беріктік, созылу, үзілу, арматура

Аңдатпа

Бұл мақалада Әр текті материалдарды үйкеліспен дәнекерлеу әдісінің технологиялық мүмкіндігін зерттеу бойынша шетелдік ғалымдардың зерттеу нәтижелері берілген. Сондай-ақ отандық машина жасау салаларына Әр текті материалдарды үйкеліспен дәнекерлеудің ресурсты үнемдейтін, әмбебап және қолжетімді технологиясын жасау бойынша авторлардың ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы ақпарат жазылған. Шетелдік ғалымдардың жұмыстарын зерттеу нәтижелері әр текті материалдарды үйкеліспен дәнекерлеу әдісі өзекті және кең технологиялық мүмкіндікке ие екенін көрсетті. Сондай-ақ отандық машина жасау өндірісі жағдайында әр текті материалдарды үйкеліспен дәнекерлеу әдісі қолданылмайтыны анықталды. Мәселенің бұл жағдайының болжамды себептері анықталды. Әр текті материалдарды үйкеліспен дәнекерлеудің қолданыстағы әдістерін зерттеу барысында анықталған барлық кемшіліктер мен факторларды ескере отырып, авторлар әр текті материалдарды үйкеліспен дәнекерлеудің жаңа әдісін жасауға бағытталған ғылыми зерттеулерді жүзеге асырады. Үйкеліспен дәнекерлеу әдісін жүзеге асыру үшін арнайы құрылғының конструкциясы әзірленді және тәжірибелік зерттеулер үшін прототип жасалды. Әртүрлі диаметрлі арматураларды үйкеліспен пісіру процестері келтірілген. Қосылған арматуралардың зертханалық жағдайларда және сертификатталған сынақ орталығында созылу және үзілу сынақтарынан өткені, оның нәтижелері қосылыстың жоғары беріктігін көрсеткені хабарланады. Дайындамалардың жарылуы дәнекерленген тігістерде емес, негізгі металда болды.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-12-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Шеров, К., Насад, Т., Абишева, Н., Есиркепова, А., Ержанова, А., & Имашева, К. (2022). Әр текті материалдарды үйкеліспен дәнекерлеу әдісінің технологиялық мүмкіндігін зерттеу. Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР СЕРИЯСЫ, 141(4), 63–73. https://doi.org/10.32523/2616-7263-2022-141-4-63-73

Журналдың саны

Бөлім

Мақала

Most read articles by the same author(s)